
Осымен 11-ші рет өткізіліп отырған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.
Қатысушылар түрлі спорттық сайыстар мен әскери қимылдар бойынша сайысқа түседі. Соның ішінде «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны, пневматикалық винтовкадан ату, робот техникасынан конкурс, «АК-74» автоматын жинау және бөлшектеу, басқа да шығармашылық конкурстар жоспарланды.
Жиынның мақсаты – жастардың дене және тұлғалық күш-қайратын шыңдау, көршілес елдердің жастары арасындағы ынтымақтастық, өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді нығайту және Отанды қорғауға әркез дайын болуға тәрбиелеу.
Ақтөбе облысы