Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1210 материал табылды

Қоғам • 03 Мамыр, 2023

Жердің шын иесі – шаруа

Ауыл тұрғындарының әуелгі мәселесі – жер тапшылығы. Жайылымның, шабындықтың жоқтығын айтып, құзырлы органдарға домалақ арыз дөңгелетіп жатады. Жуықта «Amanat» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтіп, тұрғындар тарапынан түскен бірқатар мәселе қаралды. Шешімі табылғандар да жоқ емес.

Тарих • 30 Сәуір, 2023

Кержақтар

Қауға сақал, бұйра шаш, қабағы қатыңқы славян халқын көрсек, кержақтардың ұрпағы шығар деп топшылаймыз іштей. Әбден мүмкін. Біздің жақтағы тау арасындағы, Бұқтырма, Үбі жағасындағы ауылдарға ертеде, тым ертеде ескі дін ұстанушылар көшіп келіпті. Бас сауғалап, қашып келіп, қоныстанған десек дұрыс шығар. Шыны сол. Ең қызығы, қазақ халқымен етене араласып, жерімізге сіңіп кеткендігінде...

Аймақтар • 25 Сәуір, 2023

Құстарға қамқорлық

Дәс­түрлі «Парктер шеруі – 2023» акциясы аясында Катон­қа­рағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері Әмір Базилов мектеп оқушыларына құстарға ұя жасауды үйретіп, шеберлік сабағын өткізді.

Әдебиет • 25 Сәуір, 2023

Шығыста «Білім кітапта» атты кітап жәрмеңкесі өтті

23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Білім кітапта» атты баспасөз салоны келушілерді құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2023

Президент іс басқармасы медициналық орталығының делегациясы Шығысқа келді

Президент іс басқармасы медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Театр • 18 Сәуір, 2023

«Еріксіз емші» – ерекше қойылым

Ерекше қойылым деп отырғанымыз, облыстық драма театрда болған «Еріксіз емші» спектаклін көрермен сахнада отырып тамашалады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған көшпелі театр стиліндегі комедияның премьерасына барған ел әй бір күлкіге қарық болды-ау. Құр күлкі емес, қойылымда мән бар, мағына бар. Қоғам мәселесін және қаузаған.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2023

Жырақтағы жеті үй

Бұқтырманың оң жағалауындағы күнгейді жайлаған елеусіздеу ауылды кезінде Каменка десетін. Оны біз тілімізге икемдеп, Кәмеңке деп кеткенбіз. Кейін етек-жеңімізді жиып, оң-солымызды таны­ған соң Мойылды деп қазақшаладық. Бәлкім, кержақтар көшіп келгенше, қойын-қолатында мо­йыл ағашы самсап тұрса керек. Жол жиегінде жайқалған аршаға қарап, «Аршалы» дей салса да жа­ра­сып кетер еді. Әй бірақ ауылдың атауын ауыстыра бергенін қайтейін, бүгінгі күнде жетпіс үй­ден жеті-ақ түтін қалыпты. Ертеңгі күні бұл отбасылар табан аударса, Мойылды да картадан сызылады.

Қоғам • 14 Сәуір, 2023

Қыздар лайықты жаза алуы тиіс - Өскеменде соққыға жығылған қыздың әпкесі

Өскемендегі АДК сауда үйінің әжетханасында кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың бұзақылығы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бүгін сол кикілжіңде жәбір көрген қыздың әпкесі Тоғжан Досымова БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселе • 14 Сәуір, 2023

Шошқа баққанға сот жоқ па?

Өскеменнің іргесіндегі шошқа фермасына қатысты дауға сот шешімі нүктесін қойған шығар десек, жеке кәсіпкер әлі күнге дейін шаруасын еш алаңсыз дөңгелетіп отыр. Басшылықтың пәрменсіздігіне наразы болған Степное, Лесхоз ауылының тұрғындары БАҚ өкілдеріне тағы хабарласты.

Ғылым • 12 Сәуір, 2023

Ғылыми-техникалық жобалардың әлеуеті зор

Еліміз өркениетті елдердің қатарына қосылуы үшін ең бірінші ғылымды, технократияны дамытуы керек деп айтудай-ақ айтылып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарды техникалық мамандықтарға бағыттау керектігін бір емес, бірнеше рет ескертті. Рас, технологиясы озық елдермен үзеңгілесу үшін балаларды мектеп жасынан техникаға баулып, қызығушылықтарын арттыра түсу маңызды. Осы орайда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің атқарып жатқан шаруасы аз емес.