Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1207 материал табылды

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Полиция қызметкерлері қан тапсырды

COVID-19 дертін жұқтырудан Шығыс Қазақ­стан облысы көштің алдын бермей тұр. Өткен тәулікте елімізде 52 науқас тіркелсе, оның он төрті шығыстан шыққан. Халық көп шоғырланған Алматы, Нұр-Сұлтан сынды қалалармен салыстырсақ, бірнеше есеге көп.

Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Ерлі-зайыптылар психотроптық заттар сатумен айналысқан

"Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Полиция департаментінің "Есірткі қылмысына қарсы" басқармасының қызметкерлері Өскеменде психотроптық заттарды жасырған отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Білім • 29 Қыркүйек, 2020

Мектептерде шектеу күшейтілді

Дүниені дүрліктірген індеттің таралуы тыйылмай тұр. Соңғы күндері өзге өңірлерге қарағанда Шығыс Қазақстан облысынан көп анықталды. Енді міне, COVID-19 белгісі Алтай ауданында кезекші сынып оқушысынан шыққан.

Оқиға • 29 Қыркүйек, 2020

Мал ұрлығы өршіп тұр

Шығыс Қазақстанда мал ұрлығы өршіп тұр. Жыл басынан бері облыста полиция қызметкерлері мал ұрлаумен айналысқан 14 қылмыстық топты құрықтапты.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Қазына қаржысын қымқырған

Күні кеше Аягөз қаласының әкімі пара алып ұсталған. Енді міне, қазына қаржысы қым­қырылған. Шығыс Қазақстан облысында Эко­номикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел ал­дын алу іс-шарасын жүргізіп, бюджеттен қара­жат жымқыру фактілерін анықтады.

Руханият • 28 Қыркүйек, 2020

Оралханша ой толғағым келген

Қазақтың әлімсақтан келе жатқан әдеті ғой, өзге өңірде қандай да бір ортаға тап бола қалсаң, ең алдымен «қай жақтың баласысың?» деп жөн сұрасады. Сонда мен Шығыстан бұрын Шыңғыстайды айтамын. Танысып-білісіп отырайық деген адамым руханиятқа, әдебиетке жақын болсын-болмасын, «ооо, Оралханның ауылынан екенсің ғой» дер еді. Көрдіңіз бе, Орал­ханды Шыңғыстайсыз, Шыңғыстайды Оралхансыз елестете алмаймыз. Он­дай­да менің санамда мақтаныштан гөрі жауапкершілік жоғары тұрады. Жауап­кершілік деп отырғаным – Оралханның ауылдасы деген атқа лайық болу ғой.

Руханият • 25 Қыркүйек, 2020

Шығыста жазушы мүсіні тұғырға қонды

Жазушы, публицист Дидахмет Әшімханұлының туғанына 70 жыл толуына орай Алтайдың төрінде ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 25 Қыркүйек, 2020

Бүркіт шың, басың биік, шыға алмадым...

«Көрінген таудың алыстығы жоқ» деп Топқайыңның тұсынан бес атты жігіт шаужайлап Бүр­кіт шыңын маңдайға алғанбыз. Биі­гіне биыл шықпасақ та жолын көріп, барлап қайту біздікі. Межелеген шыңымыз бір қара­ғанда қас пен қабақтың арасындай ғана еді...

Оқиға • 25 Қыркүйек, 2020

Құмырсқалар қалашығы

Мұзтаудың етегінен бастау алған Ақбұлқақ өзені Берел ауылын тіліп ағады. Өзеннің аңғары орман-тоғай. Сол тоғайдың арасында құмырсқалар қалашығы барын былайғы ел-жұрт біле бермейді-ау деймін.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Шығысқа қар түсті

Күршім ауданы, Ұранхай ауылына 24 қыркүйекте қар жауып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.