Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1023 материал табылды

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

26,5 мың оқушы мен мұғалімге компьютер беріледі

Жуырда «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына сатып алынған компьютерлерді бөлу ашықтығы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020

Көз тартқан көне кітаптар

Көрмедегі құнды деректерге толы көне кітаптарға көпшіліктің назары ауды. Тым-тым ертеде шыққан жауһар кітаптар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті кітапханасының сирек қорында сақтаулы. Сирек қордағы 63 ұлттың әліппесі де көрмеде көрініс тапқан.

Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020

Жақындары үшін жұдырықтай жұмылған

Еліміздегі пандемия кезінде адамдар бір-біріне ба­уырмалдық танытып, көмек қолын созып жатқаны көңіл қуантады. Қысылтаяң кезде тығырықтан өзара жол тауып шығудың өзі ауызбіршіліктің белгісі. Індет іргеге келгенде береке-бірлігі бекем аудандар қор ашып, түскен қаржыға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар сатып алып жатты.

Таным • 07 Қыркүйек, 2020

Шығыстың шығысы – Шындығатай

Шығыстың шығыстағы нүктесі – Шындығатай. Болды, одан әрі қалың жыныс, биігін бұлт шалған қожыр шыңдар. Солтүстік-шы­ғысын Ресей, оңтүстік жағын Қытай жайлаған. Тура тартсаң – шекарасы бізбен шектеспейтін Моңғолия. Каспийге дейін созылып жатқан қазақтың ұлан-ғайыр қасиетті даласы сол Шын­дығатайдан басталады.

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020

Ауылға 6 миллионның әжетханасы қажет пе?

Катонқарағай ауданының Берел ауылына қойылған санитарлық-гигиеналық торапты дәретхана халық арасында әртүрлі пікір туғызып жатыр. Даулы пікірге өзек болған негізгі мәселе – дәретхананың құнында. Екі кабиналы дәретхана бағасы 6 млн теңгеге жуық. Шекараға таяу ауылдардағы еңселі үйдің өзі 6 млн теңге тұрмаған соң тұрғындардың күмәнмен қарауы да қисынды.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2020

Төрт баланы мас жүргізуші қағып кеткен

Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі ауылында алкагольді ішімдік ішкен жүргізуші төрт баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Қараталда соққан дауыл 15 үйдің шатырын ұшырды

         Бүгін Зайсан ауданы, Қаратал ауылында кешкі сағат алтылар шамасында қатты дауыл соғып, бірнеше үйдің шатырын ұшырып кеткен.

Руханият • 04 Қыркүйек, 2020

Елекеден ерекше жәдігерлер табылды

Барқытбел қойнауындағы Елеке сазынан біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырларға тиесілі ерекше үлгідегі жәдігерлер табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Таным • 04 Қыркүйек, 2020

Ауа райын ағашқа қарап болжайды

Тіршілігі табиғатпен біте қайнасқан қазақ халқы ықылым заманнан бері жұлдыздарға, аң-құстардың әрекетіне зер салып, күні бұрын ауа райын болжап, біліп отырған. Ал қабырғаға қағылған самырсынның бұтағына қарап болжағандарды көріп пе едіңіз?

Технология • 04 Қыркүйек, 2020

Цифрлы педагогика зертханасы ашылды

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Білім күніне арналған «Әліппе – білім бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара облыс әкімдігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, облыстық білім басқармасы және облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қолдауымен өтті.