Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1205 материал табылды

Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024

Редакцияда оқып жүр...

«Қазақ газеттері» ЖШС мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті басшылығы арасындағы келісім нәтижесінде болашақ журналистердің теориялық білімін өндірісте, тәжірибе жүзінде ұштастыруға мүмкіндік жасалып отыр. Аталған оқу орнының Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде білім алып жатқан студенттердің тәжірибелік сабақтары былтырдан бері «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында өтіп келеді.

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024

Халықтың өсу қарқыны

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылдың 1 қарашасына дейінгі мәліме­тіне сәйкес, бүгінде елімізде 20 миллион 243 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Оның ішінде қала халқы – 12 727 404 адам, ауылдарда 7 516 577 тұрғын бар.

Бокс • 11 Желтоқсан, 2024

Бесеуі де чемпион!

Таиландтың Чиангмай қала­сында өтіп жат­қан Азия чем­пио­на­тының әйел­дер арасын­дағы фи­нал­­дық кездесулері өтті. Бұл бірінші­лік­тің бір ерекшелігі – әйелдер алғаш рет дул­ы­ғасыз жұдырықтасты. Бес бірдей бокс­шымыз финалға шығып, алтын медаль үшін бақ сынады. Нәти­жесінде, бесеуі де жеңіске жетті. Сөй­тіп, бокс­­шы қыз­дарымыз дүбірлі дода­дан 5 алтын, 5 қола медаль олжалап, жалпы командалық есеп­те көш бастады.

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024

Спорт кешенін салған зейнеткер

Жетпістен жасы асқанда да аттан түспей, қыруар шаруа атқарып, абыройға бөленіп жүрген атпал азамат Оңалбек Әуелбековтің өнегелі өмір жолы көпке үлгі. Зейнеткердің туған ауылына заманауи үлгіде спорт кешенін салып беруі мақтауға да, мақтануға да татитын іс.

Сараптама • 05 Желтоқсан, 2024

Күпті көңілді сейілтетін «Күміс жас»

Еліміздегі күрмеулі әлеуметтік мәселенің бірі жұмыссыздықты азайту мақсатында бірнеше жоба, бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – «Күміс жас» жобасы. Елуге таяғанда, зейнет жасына жетпей жұмыс­сыз қалған жандардың көңіліне жалау жобаның жүзеге аса баста­ға­ны­на екі жылдың жүзі болды. Игі бастаманың баянды болғаны қашанда маңызды.

Спорт • 30 Қараша, 2024

Қажымұқанның ұрпағы мықтылығын көрсетті

Түркістан қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналып, қазақ күресінен әлем кубогі өтті. «Олимпик Арена» спорт кешенінің түңлігін желпіген дүбірлі додаға Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан, Моңғолия елдерінен 100-ге жуық балуан қатысты.

Туризм • 29 Қараша, 2024

Табыстың бастауы

Елімізде іскерлік туризмнің қарқын алуына ауқымды іс-шаралардың тигізер септігі мол. Тек соңғы үш жылда туризм­нің осы тармағының өзінен қазынаға қомақты қаржы құйылды.

Шаруашылық • 26 Қараша, 2024

Жылқы шаруашылығы институтын құрудың маңызы зор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбек­керлерінің бірінші форумында елімізде жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, төрт түліктің ішінде жылқы саны әжептәуір өскен. 2014 жылы 1 миллион 938 мыңға жуық жылқы болса, он жылдың ішінде 4 миллионнан асты.

Спорт • 26 Қараша, 2024

70 шақырым жолды бағындырды

Аңызға айналған дара тұлға Мұ­стафа Өз­түрікті еске алып, рухына тағзым етіп, өнегелі өмірі мен еңбегін дәріптеу мақ­сатында велоспортшы, журналист Ернат Рахметолла 70 шақырымдық велошеру өткізді. Астана қаласындағы «Бәй­те­рек­тен» басталған велошеруде Ернат Мелсұлы Қабанбай батыр кесенесіне дейінгі қашықтықты жүріп өтті.

Айбын • 26 Қараша, 2024

Көш басында – Өзбекстан командасы

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогі өтті. 15 елден 200-ден аса спортшы ме­дальдар жиынтығын бөліске салды.