Саясат • Кеше

Еуразия үкіметаралық кеңесіне қатысты

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкі­мет­аралық кеңестің оты­рысына қа­тысты. Шағын және кеңейтілген құрамда ЕҮАК қа­тысу­шылары сау­да-эко­но­микалық ын­ты­­­мақ­тастықты, өнер­кәсіп кооперациясын дамы­ту, сондай-ақ энергетика, цифрлық даму, кеден са­ла­ларындағы өзара іс-қи­мыл мәселелерін талқылады.

Еуразия үкіметаралық кеңесіне қатысты

Жиынға Армения Респуб­ликасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Министр­лер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, бейнеконференция арқылы Куба Республикасы­ның Премьер-министрі Мануэль Марреро Крус, сондай-ақ Еура­зиялық экономикалық комис­сия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Делегация басшылары биыл­ғы бірлескен іс-шаралар мен 2026 жылға арналған ЕАЭО шең­беріндегі интеграция мен әріп­тестіктің басым бағыттары тура­лы пікір алмасты. Мұнай-газ са­ласындағы ынтымақтастық, ке­ден­дік бақылау тетіктерін же­тіл­діру, электронды сауда, тауар­лар­ды таңбалау жүйесін дамыту сын­ды өзекті мәселелер талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде экономи­каның негізгі салаларында оң серпінді қамтамасыз еткен ынтымақтастықтың іс-жүзіндегі нәтижелерін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ЕАЭО туралы шартты жан-жақты орындап, үшінші елдермен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті. Жалпы, ЕАЭО ұйымы жұмыс істей бастаған уақыттан бері Қазақ­станның мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 90%-ға өсті. Біз экономикалық ынты­мақ­тастықты нығайтуға, кедер­гілерді жоюға және өзара сау­даны дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты күшейте түсуіміз қажет», деді О.Бектенов.

ЕАЭО елдері биыл инте­гра­­цияны нығайтып, мемлекет­тердің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге ықпал ететін бірқатар құжаттарды қабыл­дады. «IV Үлкен» Хаттамаға қол қою базалық Шартты жетіл­діруге және ЕАЭО институт­тарының қызметін одан әрі дамытуға бағытталған. Сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюіне БАӘ, Моңғолия және Индонезиямен халықаралық келісімдер жасасу ықпал етпек.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік сатып алуды цифр­ландыру саласындағы бірлескен жұмысқа баса назар аударды. Халықаралық зерттеулер деректерінде  Қазақстанның ұлттық мемлекеттік сатып алу жүйесі қолжетімділік пен ашықтық деңгейі бойынша алдыңғы қатарда. Мемлекеттік сатып алудың жоспарлаудан бастап төлем жасауға дейінгі барлық циклі тек электрондық форматта жүзеге асырылады. Конкурстар комиссияның қатысуынсыз рейтингтік-балдық жүйемен  сараланып, жеңімпаз автоматты түрде анықталады, бұл субъективтілікке жол бер­мейді. Осы шаралардың нәти­жесінде жыл басынан бері Қазақстан бюджетінің қара­жатын үнемдеу шамамен 1,5 млрд АҚШ долларына  (766 млрд теңгеден астам) жетті. Кеңесте Олжас Абайұлы  озық IT-ше­шім­дердің дамуын нығайтып,  цифр­лық құралдардың артық­шылықтарын толық пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік сатып алу сала­сындағы ЕАЭО-ның келісім­шарттық базасының жекелеген нормаларын күшейту қажет­ті­гін атап өтті.

Бірлескен бизнес-баста­ма­лар­ды қолдаудың тиімді құралы – өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландырудың қолданыстағы тетігі. Биыл ЕАЭО бюджеті есебінен 5 жоба, оның ішінде машина жасау және теміржол  өнеркәсібі сала­сын­дағы отандық бизнестің қаты­суы­мен 3 жоба мақұлданды.

ЕАЭО елдері бизнес өкіл­дерінің қызығушылығы артып келе жатқанын  ескере отырып, қазақстандық тарап  заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын кәсіпорындарға басым тәртіппен субсидиялар беру қажеттігін атап өтті. Бұл жоғары технологиялық өнді­рістер мен инновациялық бағыт­тардың дамуына қосымша сер­пін береді. Сонымен қатар  жұмыс істеп тұрған кәсіп­орын­дардың қуаттылығын артты­ру­ға, жаңа кәсіпорындар ашу­ға, жаңа жұмыс орындарын құруға және мемлекеттер эко­номи­каларының өсуіне ықпал етеді.

Кеңесте артық нормалардың пайда болуын болдырмауға, реттеудің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жетіл­діру мәселелері талқыланды. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысында бірқатар құжатқа қол қойылды. 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025