Фото: kz.oqu.news (архив)
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, инспекция мамандары «Барыс-IV» базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған 13 680 тауық жұмыртқаларын анықтады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
«Өнімді жою үдерісі адам мен жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағам өнімдерін жою ережелеріне (Үкіметтің №140 қаулысы) сәйкес, 2026 жылдың 10 маусымында тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы «Беккер шұңқырына» тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды», делінген хабарламада.
Шымкентте Ресейден заңсыз әкелінген 11,8 мың жұмыртқа жойылды
Бұдан соң, көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзге елдерден заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми хаттар жолданды.
Еске салайық, бұған дейін ЕАЭО елдерінен жұмыртқаны импорттауға тыйым салынатыны туралы айтылған еді.