
Сұхбат • 06 Ақпан, 2025
Жаңа заң спортқа серпін береді - Ербол Мырзабосынов
Жуырда Мәжілісте «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданып, Сенатқа жолданды. Туризм және спорт министрі Ербол МЫРЗАБОСЫНОВПЕН сұхбатымыз осы заң аясында енгізілетін талап, спортты өрістетудің басым бағыттары төңірегінде өрбіді.
Спорт • 04 Ақпан, 2025
Бұқаралық спорттың тамырына қан жүгіртетін, саламаттылықты насихаттайтын бірден-бір бағыт – ел ішінде түрлі деңгейдегі турнирлерді көптеп ұйымдастыру. Жас санаты бойынша түрлі доданы жиі өткізу арқылы да халықтың спортқа деген ынтасын арттыруға болады.
Қоғам • 01 Ақпан, 2025
«Қазақстан халқына»: үзілген үміт жалғанады
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаңтарда әлеуметтік саланың әлеуетін нығайту мақсатында «Қазақстан халқына» қорын құруды тапсырды. Үш жыл ішінде қор бірқатар игі істі жүзеге асырды. Шарапаты шалғай жатқан аудан, ауылдардағы ел азаматтарына тиюі керек ілкімді жобаның жоспары айқын әрі ашық.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2025
Былтыр өндіріс кезіндегі жазатайым оқиғадан 1048 жұмыскер зардап шегіп, 202 адам қайтыс болды. Елдің ең қымбат құндылығы саналатын адам өміріне өндірісте төнетін қатер 2023 жылмен салыстырғанда сәл де болса, азайды.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2025
Қарғын суға жан-жақты дайындық
Былтыр көктемгі су тасқыны ел ішін қатты әбігерге салды. «Қырсық қырық есіктен қатар енеді» дегендей, қыстай қалың түскен қардың көбесі бірден сөгіліп, сай-саланы қуалаған қызыл судың ырық бермей кетуіне себепкер болды. Мамандар айтып келмейтін апат биыл да бас көтеруі мүмкін екенін айтып, дабыл қағып жатыр.
Спорт • 25 Қаңтар, 2025
Италияның Турин қаласында ХХХІІ дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Ел үмітін арқалаған спортшыларымыз дүбірлі додадан 14 медаль олжалап, жалпы есепте 12-сатыға тұрақтады. Он күнге ұласқан қысқы аламанда елімізден аттанған 103 спортшы 11 спорт түрінен додаға қосылып, 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль иеленді.
Еңбек • 24 Қаңтар, 2025
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдік мұрат-мүдде қағидасын жас ұрпақ санасына сіңіре беру керек екенін баса айтты. Адал адам мұратына ақ адал еңбегімен ғана жетеді. Әділетті қоғамды таза табыс иелері ғана орната алады.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2025
Былтыр елімізде түрлі топтағы мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылғандар мен асыраушысыз қалған қамкөңіл жандарға 80,3 млрд теңге әлеуметтік төлемдер аударылды.
Спорт • 21 Қаңтар, 2025
ХХХІІ дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында Софья Самоделкинаға қола жүлде бұйырды.
Қысқы спорт • 21 Қаңтар, 2025
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында еліміздің спортшыларына кезекті медальдар бұйырды.