Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1374 материал табылды

Талбесік • 12 Желтоқсан, 2025

Жолбарыс – сүрлеуінде, құлан – құладүзінде...

Елімізде реинтродукция бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Антропогендік я болмаса табиғи факторлардың әсерінен жойылып кеткен жан-жануар, аң-құс түрлерінің тарихи мекендеу аймақтарындағы популяцияларын қалпына келтіру бағытында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Бұл іс-шара­лар­дың негізінде экожүйелік байланыс нығайып, табиғи кешендердің тұрақтылығы артады.

Спорт • 10 Желтоқсан, 2025

Жарыс күнделігі

Таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында тағы бір саңлағымыз Батырхан Төлеуғали жаһан үздігі атанды. Кенияның Найроби қаласын дүбірге бөлеген әлем чемпионатында жерлесіміз 87 кг салмақта сынға түсті. Соңғы айқаста ирандық Мохаммед Ализаданы айқын жеңді. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан (+87 кг) әлем чемпионы атанса, Тамерлан Тілеулес (63 кг) қола медаль еншілеген болатын.

Бокс • 10 Желтоқсан, 2025

Қаржысы қомақты әлем чемпионаты

Дубай қаласында бокстан ерлер арасында әлем чемп­иона­ты өтіп жатыр. IBA ұйымы ұйымдастырған әлемдік доданың жүлде қо­ры – 8 млн дол­лар. Бұған дейін әуесқой бокстан өткен жаһандық додаға мұндай сома­да қара­жат бөлінген емес.

Экономика • 10 Желтоқсан, 2025

Аграрлық салаға серпін берудің үлгісі

Түркістан облысы биылғы 10 айдың қорытындысында 114,8% экономикалық өсімге қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда көш бастап, инвестиция тартуда алдың­ғы қатарда тұрған өңірдің экономикалық-әлеумет­тік ахуалы жақсарып келеді. Орталық коммуникация­лар қызметінде өткен брифинг­те облыс әкімі Нұралхан Көшеров атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндады.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025

Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау маңызды

Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 743 мыңнан астам адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

Спорт • 08 Желтоқсан, 2025

Велоспорт үздіктері марапатталды

Қазақстан велосипед спорт федерациясы жылдың басты жетістіктерін, жүзеге асқан жобаларды және 2026 жылға жоспарланған даму бағыттарын таныстырды. Салтанатты іс-шараға спортшылар, жаттықтырушылар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен федерация серіктестері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 06 Желтоқсан, 2025

Жарыс күнделігі

Кенияның Найроби қаласында таеквондодан әлем чемпионаты мәресіне жетті. 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы жаһандық додада ел қоржынына екінші медальды Тамерлан Тілеулес салды. 63 кг салмақ дәрежесінде сайысқан ол жартылай финалда сүрініп, қола медальды қанағат тұтты. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан 87 кг салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Бейбарыс – таеквондодан әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Жаһан додасына 75 елден 500-ге тарта спортшы қатысты.

Спорт • 05 Желтоқсан, 2025

Елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Қазақстан спортының беделін айқындайтын дода келесі жылы өтеді. Студенттердің жаһандық жарысы елімізде  бұған дейін 2006 жылы ұйымдастырылған еді. Араға 20 жыл салып, байрақты бәсекенің жалауы қазақ жерінде қайта желбірегелі отыр, деп жазады Egemen.kz. 

Экономика • 05 Желтоқсан, 2025

Мұнайлы өңірдегі серпіліс

Көгілдір отын – табиғи газбен тұрғындарын толыққанды қамтамасыз еткен бірегей өңір – Атырау облысы. Өзінің кем-кетігін бүтіндеп, республика бюджетіне қыруар қаражат құятын еліміздегі бірден-бір донор аймақ та осы өлке. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Серік Шәпкенов мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025

Ұтымды бастама

Биылғы 11 айда мүгедектік тобын белгілеуде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы жақсы нәтиже берді. Қанатқақты жобаны іске асыру шеңберінде өңірлерден 99,6 мың өтінім қаралды.

Яндекс.Метрика