Ұлттық спорт • Бүгін, 08:00

Додаға намыс түскенде...

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Бұқара қала­сында көкпардан халықаралық турнир өтті. Еліміздің құра­масы іріктеу кезеңінде қарсы­ластарын ірі есеппен еңсерді. Финал­дық тартыста қырғыз көкпаршыларын сүріндіріп, дүбірлі додада жеңіске жетті.

Додаға намыс түскенде...

Дүбірлі аламанның ал­ғашқы бәсекелерінде көкпар­шыларымыз Қытай командасын 11:0 есебімен жеңсе, Өзбекстанның бірінші құрамасын 11:2 нәтижесімен еңсерді. Финалда Қырғызстан құрамасын 3:0 есебімен ұтты. Жерлесіміз Ерғалым Жақсылық халықаралық турнирдің үздік ойыншысы әрі сұрмергені атанды. Жас оғлан дүбірлі додада өзінің әбжілдігімен дараланды.

ат

«Жастарымыз жүк­телген сенімге селкеу түсірмей, сын сәтінде жасындай жарқырады. Біз осы турнирде чемпион атануды мақсат етіп, тыңғылықты дайындалдық. Арғымақ­тарымыз да додаға жарап, қайрат танытты. Жігіттер қателікке бой алдырмай, қарсыластардың тактикалық жоспарын бұзып, өздерінің ойын өрнегін әйгіледі. Алда ең үлкен аламан – Дүниежүзілік көшпелілер ойын­­­дары. Қырғызстанда қоңыр күзде өтетін осы сайыста барымызды саламыз», деді ұлттық құраманың бас бапкері Нұрдәулет Момынов.

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38

Заманымыздың заңғар тұлғасы

Руханият • Бүгін, 08:35

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33