
Спорт • 24 Ақпан, 2025
Қазақ спортшылары каратэден 11 медаль олжалады
Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында каратэден жастар арасында халықаралық турнир өтті. А сериясындағы бәсі жоғары додадан спортшыларымыз 4 алтын, 7 қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маман • 21 Ақпан, 2025
Мамандықты тартымды етудің амалы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында кәсіптік білім беру өрісіне реформа жүргізу керегін тапсырды. Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Жұмысшы мамандардың қажыр-қайратын дәріптеп, үлгі ету тек бір жылмен ғана шектеліп қалмауы керек.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Әлеуметтік әмиян»: Әлеуетті арттырудың артықшылығы
Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын қолжетімді әрі ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Осы мақсатта «Әлеуметтік әмиян» жобасы қолға алынды. 2020 жылы алғаш іске қосылған ілкімді жоба биыл барлық салада толыққанды орнауға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында Үкіметке осы тапсырманы мерзімінде орындауды жүктеді.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Орманшылар мүддесі ескерілсе игі
Орман – елдің баға жетпес байлығы, халықтың ен дәулеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тал егу, орманды алқаптарды ұлғайту ісіне ерекше назар аударып отыр. 2020 жылғы Жолдауында 5 жыл ішінде орманды алқаптарға 2 млрд, елді мекендерде 15 млн түп ағаш көшетін егуді тапсырды.
Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025
Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады
Көктемгі су тасқынына әзірлік барысы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сөз болды.
Спорт • 15 Ақпан, 2025
Азиада: абыройымызды асқақтатқан алтын
Қытайда ІХ қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Хоккейден ерлер құрамасы 9 жыл бұрынғы биігінен көрініп, чемпион атанды. Хоккейшілеріміз қысқы Азия ойындарына 1996 жылдан бері тұрақты қатысып, 5 мәрте топ жарды.
Спорт • 13 Ақпан, 2025
Азия ойындары: Медаль жауған күн
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарына ел қоржынына кезекті жүлделер түсті. Спортшыларымыз 29 жылдан бері ақ Азиада аламанына тұрақты қатысып жүр. Дегенмен фристайл-акробатикадан алтын медаль бұйырмай келген еді. Осы олқылықтың орнын саңлақтар толтырып, алтын медаль олжалады. Шаңғы жарысынан да қанжығамыз майланып, спортшылар бір алтын, бір күміс медаль иеленді.
Сұхбат • 12 Ақпан, 2025
Қазақ тазысының 3 мың жылдық тарихы бар - Абзал Досыман
Биылдан бастап 3 қыркүйек елімізде Тазы мен төбет күні ретінде ресми бекітіліп, мерекелік күндер тізіміне енгізілді. Жеті қазынаға балаған ұшқыр тазы тұқымының жойылып бара жатқаны жөнінде мамандар, тазы өсірушілер дабыл қағып, мәселе көтерген еді. «Номад» ұлттық аңшылық клубы» қоғамдық қоры мүшесі Абзал ДОСЫМАНМЕН кинология саласындағы түйткілді мәселелер төңірегінде ой қозғап, сұхбат құрған едік.
Спорт • 11 Ақпан, 2025
Азия ойындарындағы тарихи алтын
Бұл күнде Қытайдың екі қаласында төрткүл дүниенің де назарын өзіне аударған ІХ қысқы Азия ойындары өтіп жатыр. Спортшыларымыз ақ Азияда аламанына 1996 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Елден аттанарда саңлақтарға жалпы есепте төртікті түйіндеу міндеті жүктелді. Әзірге сенімге селкеу түскен жоқ. Шорт-трек спортынан 30 жылдан бері бұйырмай келген қысқы Азия ойындарының алтын медалі алғаш рет қанжығамызға байланды.
Спорт • 07 Ақпан, 2025
«Менің жарысқа барарда арқама асып алатын жол дорбамның түбінде үнемі кітап жүретін. Кітаппен бала күнімнен дос болдым. Әр шығарма кейіпкерінің жақсы қасиетін бойымызға сіңіруге ұмтылдық. Біздің буынның кітап оқуға деген ынтасы жоғары болды. Әдеби кітаптарды баспадан шығып, сиясы кеппей жатып-ақ пышақ үстінен талап әкететін», деп еді Мәскеу Олимпия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров бір сұхбатында. Жақсылық балуанның жеңісті жолын жалғап келе жатқан бүгінгі толқынның кітаппен достығы қай деңгейде? Ел спортының даңқын асырып жүрген саңлақтарды сөзге тартқан едік.