Жастар • Кеше

Дарынды жастар конференциясы

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы №119 жалпы орта білім беретін мектепте өңіраралық «ARYSMUN-2026» конференциясы өтті деп жазады Egemen.kz

Дарынды жастар конференциясы

Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 100-ге жуық оқушы қатысты. Конференцияның мақсаты – қатысушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру, дипломатиялық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Келешекте халықаралық мәселелерді талқылауда өз көзқарасын сауатты әрі дәлелді жеткізу дағдыларын жетілдіру жайы талқыланды.

Пленарлық отырыс барысында қатысушыларға Model United Nations форматының ерекшеліктері айтылып, негізгі тақырыптар айқындалды. Секциялық отырыстарда оқушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарын ортаға салды. Пікірсайыс форматындағы жұмыстар барысында делегаттар өз мемлекеттерінің ұстанымын қорғап, келіссөздер жүргізу, резолюция жобаларын әзірлеу мен бірлескен шешімдер қабылдау тәжірибесін аңғартты.

Конференция барысында қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілеті, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті және топпен жұмыс жасау дағдылары айқын көрінді. Әрбір делегат өз пікірін нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың көзқарасына құрметпен қарау арқылы сындарлы диалог орнатуға күш салды.

Іс-шара қорытындысында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы сыйлық, алғыс хаттармен марапатталды. Конференция бірлік пен достықты дәріптейтін ортақ әнмен аяқталып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады

«ARYSMUN-2026» жас көшбасшылардың тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар ұсынуына және болашақтағы кәсіби бағдарын айқындауына мүмкіндік берген маңызды білім беру алаңы екенін айқындай түсті.

Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Соңғы жаңалықтар