Спорт • Кеше

Олимпия ойындарын қай арнадан көреміз?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың басты спорттық додасы 6–22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қысқы Олимпия ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Олимпия ойындарын қай арнадан көреміз?

«Қазмедиа» орталығында қысқы Олимпия ойындарының телетрансляциясына арналған ресми таныс­тырылым өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің өкіл­дері, танымал спортшылар мен сала ардагерлері, спорт журналистері, сондай-ақ ойындарды жүргізетін комментаторлар қатысты.

Қысқы Олимпия ойындарының жүлдегері, Қазақ спортының тарихында қысқы Олимпиада да алтын медаль иеленген тұңғыш спортшы Владимир Смирнов байланысқа шығып, ұлттық құрама мүшелеріне сәттілік тілеп, оларға зор сенім артатынын жеткізді. Елордадағы қысқы спорт түрлеріне маманданған спорт кешендерінен тікелей қосылым­дар ұйымдастырылып, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау мен биатлон спорт түрлерінен додаға түсетін спортшылар да пікірін білдіріп, сұх­баттар жүргізілді. Іс-шара соңында Олимпиада додасына қатысатын спортшылар тікелей эфирге қосылып, өз пікірлері мен дайындық барысы туралы айтты.

Байрақты бәсекенің телетрансляциясы ресми ашылу салтанатынан екі күн бұрын басталады. Алғашқы болып хоккейден әйелдер құрамалары мен керлинг спортшылары жарыс жолына шығады. Италиядағы додада 10 спорт түрінен 36 спортшымыз ел сенімін арқалайды.

Қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпан күні сағат 00:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Екі телеарнаның эфирінде Олимпия ойындарын 22 комментатор жүргізеді. Олардың қатарында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Руслан Бақытжан, Ерсін Ерікұлы, Азат Смағұлов, Лилиана Әлжанова сын­ды комментаторлар бар. Сондай-ақ «Qazaqstan» және «Qazsport» ­телеарналарынан күн са­йын «Олимпиа­­да ойындарының шолуы» бағдар­ла­ма­сы, ал «Qazsport» ар­насынан тікелей эфирде «Милан–Кортина-2026» студиялық бағ­дар­ла­масы көрерменге жол тартады. 

Соңғы жаңалықтар