
Байқау • 19 Қараша, 2024
Өмірден өткенімен, көңілден өшпейтін таланттың бірі Табылды Досымовты ұмытуға бола ма? Өйткені арамызда өзі болмаса да, бардтық стильдегі қайталанбас әндері қалды.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Көпбалалы аналар қолдауға зәру
Мемлекеттің басты байлығы адам капиталы екенін ескерсек, осы бағытты нығайтып отырған көпбалалы аналарға қандай қамқорлық жасасақ та артық емес. Осы орайда жергілікті жауапты орындардың көпбалалы аналарға қатысты кез келген мәселеге байыппен қарауды назардан тыс қалдырғаны қынжылтады.
Зерде • 15 Қараша, 2024
Бекет атаның алғашқы жерасты мешіті
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында қазақ жеріндегі таңғажайып мұра – жерасты мешіттерін ерекше атап өткені белгілі. «Батыс аймақта осындай 20-дан аса мешіт бар. Тарихи нысандар әртүрлі кезеңде салынған және бір-бірінен өзгеше. Мұның өзі еліміздің рухани кеңістігінде ерекше дәстүрлер болғанын және тамыры тереңде жатқанын көрсетеді. Біз оның бәрін мұқият сақтап, жер жүзіне танытуымыз қажет. Мен тиісті мемлекеттік органдарға Ұлттық комиссиямен бірлесіп, осы нысандарды ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу жөніндегі жұмысты бастауды тапсырамын», деген еді Президент.
Денсаулық • 15 Қараша, 2024
Ауырмаудың жолы – вакцина ектіру
Атырау облысында жыл басынан бері жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 13 107 жағдайы тіркелді. Оның ішінде тұмауға жатпайтын риновирус, аденовирус, РС вирусы, парагрип, бокавирус аурулары бар.
Инвестиция • 06 Қараша, 2024
Атырау облысының экономикасына инвестиция салуға Еуропа елдері де қызығады. Биыл 8 айда мұнайлы өңірдің Еуроодақпен сыртқы тауар айналымы 15,7 млрд долларды құрады. Оның ішінде, экспорт көлемі – 15,4 млрд, импорт – 300 млн доллар.
Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Атыраудан Астраханға апаратын жол құрылысы тәмамдалуға таяу. Құрылысы ұзаққа созылып, жөндеу баяу жүрген бұл жол көпшілікті әбден сарсаңға салды. Енді бұл жол жөндеуден соң үшінші санаттан екінші санатқа ауыстырылмақ. Сол кезде көлік ағыны да көбейетін көрінеді.
Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Атырау облысының ең шалғайындағы ауданның бірі – Қызылқоға. Елді мекендерінің кейбірі өңір, аудан орталығынан қашықта орналасқан. Бірақ тұрғындардың дені алтын бесігіне балаған қонысынан ірге көтермей отыр.
Мәселе • 24 Қазан, 2024
Зауыт жұмысының тоқтауы жанармай тапшылығын тудыра ма?
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстары басталғалы жарты айдан асты. Бұл жұмысқа 2 мыңнан астам жұмысшы мен 70 арнайы техника тартылып отыр. Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінің ақпаратына қарағанда, жоспарланған алдын алу жұмыстары өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына және Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес іске асырылып жатыр.
Әдебиет • 24 Қазан, 2024
Аудионұсқадағы әдеби туындылар
Ұлт руханиятын дамытуда көркем әдебиеттің алар орны ерекше. Осы орайда Атырау облысында танымал ақын-жазушылар шығармаларының аудиокітап нұсқасы жасалды.
Республика күні • 22 Қазан, 2024
Аққали Ахмет: Тәуелсіздікке жол ашқан декларация
Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 34 жыл толды. Бұл декларацияда қандай мәселелер қамтылған? Жалпы, декларацияны қабылдауға не түрткі болды? Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет декларацияның маңызы туралы әңгімелеп берді.