Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1035 материал табылды

Экономика • 30 Қыркүйек, 2025

Талдықорғанда болат шар шығаратын зауыт салынады

Жетісу облысы, Талдықорған қаласында Чилилік «ME Elecmetal» компаниясы тегістегіш болат шар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорынның іргетасы 2026 жылдың наурыз айында қаланбақ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шаруашылық • 30 Қыркүйек, 2025

Жетісуда күріш алқабына орақ түсті

Жетісу облысының Қаратал ауданында биылғы күріш жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бұл өңір – облыстағы күріш өсіретін жалғыз аймақ. Жалпы 951 гектар алқапқа егілген дақылдан 3 мың тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр. Орташа түсім – гектарына 32,9 центнер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 29 Қыркүйек, 2025

Жетісуда «Таза бейсенбі» акциясы нәтижелі өтті

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 5767 адам қатысып, 111 арнайы техника жұмылдырылды. Бірігіп атқарылған шара барысында 203 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 494 тонна тұрмыстық қалдық полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, табиғатты жасылдандыру мақсатында 300 түп ағаш отырғызылып, 2230 метр қоршау мен 3500 метр қақпа түрлі түске боялды, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025

Жетісу өнімдері елордада сұранысқа ие болды

Өткен демалыста Астанада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жетісу облысының тауар өндірушілері қатысып, елордалықтарға жалпы салмағы 155 тоннаға жуық 54 түрлі өнім ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отбасы • 29 Қыркүйек, 2025

Жетісуда отбасыға қолдау көрсететін тоғызыншы орталық ашылды

Жетісу өңірінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған тағы бір қадам жасалды. Ақсу ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы іске қосылып, бұл облыс бойынша ашылған тоғызыншы нысан болып отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2025

Жетісуда «Таза бейсенбі» экологиялық күніне 6 мың адам шықты

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» жалпыұлттық экологиялық күніне 6 мыңнан астам адам қатысты. Шараға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлері, сондай-ақ түрлі мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары атсалысты, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 16 Қыркүйек, 2025

Жетісуда жылжымалы медициналық кешендер 119 ауылды қамтыды

Жетісу облысында өткен жарты жыл ішінде жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) өңірдің 119 ауылын аралап, 58 мыңнан астам адамды медициналық тексеруден өткізді. Оның ішінде 2 мыңнан астамы – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 13 Қыркүйек, 2025

Театр мен тағылым тоғысқан мерейлі сәт

Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Мерейлі шара аясында өнер ордасының жарты ғасырлық тарихын баяндайтын құнды кітаптың тұсаукесері жасалды, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 12 Қыркүйек, 2025

Жетісуда жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты

Жетісу облысының жедел жәрдем қызметіне тағы 29 арнайы көлік берілді. Көліктердің кілтін аймақ әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы орталық алаңда өткен шарада тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2025

Жетісуда адами капиталды дамытуға басымдық берілуде

Талдықорғандағы Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған адами капиталды дамыту мәселелеріне арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов өңірдегі білім беру, спорт және кадр даярлау бағыттарындағы жаңалықтарға тоқталды.