
Өндіріс • 29 Мамыр, 2025
Кәсіпорын көлік шиналарын шығара бастады
Саранда өндірілген шиналар алғаш рет отандық автозауыттарға жөнелтілді. Алғашқы бөлігі – 900 дана. Айтулы жаңалық – отандық өндірістің олжасы ғана емес, машина жасау саласы үшін жаңа саты, тың белес.
Өндіріс • 17 Мамыр, 2025
Абай тігін фабрикасының кеңес заманында атағы алысқа кетіп, дүркіреген еді. Жылына 2 млн дана ер мен әйелдің, баланың киімін, төсек-орын жабдығы мен жұмыс киімін тігіп шығаратын бұл өндіріс орнында 3 мыңға жуық адам жұмыс істеген. Фабрика өнімдері елдің ішкі нарығына ғана емес, тегіс одақ елдеріне тоқтаусыз жөнелтіліп тұрды. Тоқсаныншы жылдары тоқырауға ұшырап, жиырма жылдан аса есігі тарс жабылған ғимараттың қабырғасы ғана аман қалған. 2015 жылдан бері абайлық кәсіпкер Нұрхан Жұмабеков фабриканы оңалтып келеді.
Кәсіпкер • 03 Мамыр, 2025
«Бал Ара» омарташылар одағының мүшесі Дия Ержанова мен жолдасы Кәкім Ыбыраев нарыққа таза бал өнімдерін ұсынады.
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Анатолий Гуреев есімін ауылдастары аса біле бермейді. Ал Төлеген десеңіз, Арқа атырабына танымал. Өйткені жаны да, болмысы да, жүрегі де қазақ. Шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Өзі аламанға ат қосады. Ауылына жанашыр азамат.
Көрме • 30 Сәуір, 2025
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Суретші-лер одағының мүшесі Жүрсін Балкенов туындыларын ел назарына ұсынды. «Шабыт және мұра» деп аталған көрмеге талантты суретшінің 49 картинасы ілінді.
Байқау • 26 Сәуір, 2025
Қарағандыда бекзада күй өнерін дәріптеуді дәстүрге айналдырған байқау бар. Дарынды орындаушылардың басын қосып, Арқа даласын дүбірге бөлейтін биылғы Тәттімбет атындағы ІХ республикалық байқау мәреге жетті. Бұл жолғы күй жәрмеңкесі шертпе күйдің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенімен ерекшеленді.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Ерекше балаларға – аудиоертегі
Көру қабілеті төмен балалар әңгіме, ертегілерді енді аудиокітап арқылы тыңдай алады. «Ертегілер әлемі» атты аймақтық аудиоертегі байқауы жүлдегерлерінің аудио нұсқадағы шығармалары таспаға басылып, тарту-таралғы ретінде кәдеге жарайтын болады. Мұнымен қоса, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың ресми сайтына, «YouTube» әлеуметтік желісіне жүктеледі.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында балалар әдебиеті апталығы жазушы Төкен Әлжантегімен өткен кездесуден басталды. Баспадан жақында ғана шыққан «Базарлық» атты жас оқырмандарға арналған кітаптың тұсауы кесілді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Сәуір, 2025
Бойындағы нәзіктігін болаттай мықтылыққа ұштастырып, ауыр жұмыстың жүгін арқалап жүрген аруларымыз да бар. Өндірісі өркендеген өңірде де жұмысшы қыздардың үлесі әжептәуір. Шахтаға түсіп, кен қазып, домна пешінде болат балқытып, ауыр техника жүргізген қыз-келіншектердің қажыр-қайратына қалай таң қалмаймыз? Бір қолымен шаңырағының отын жағып, бір қолымен қара еңбектің қазанын қайнатқан олардың қай-қайсысы да мақтауға лайық.
Ән • 18 Сәуір, 2025
Арқа жерінде, әсіресе, Жаңаарқа тойының шымылдығы дәл осы әнсіз түрілмейді: «Нұр тұнған өмірі, Құлпырған өңірі, Өзгеден тұратын дара дархан, Атыңнан айналдым, Жаңаарқа…». Бұл – Жаңаарқа жұртшылығының бейресми әнұраны.