
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының ең маңызды он бағытының ішінде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бар. Әсіресе онда жас мамандарды жан-жақты қолдауға қатысты да мәселе көтерілген. Күні кеше Ұлыс күніне орай жас медицина мамандарына Бұқар жырау ауданының Доскей аулынан 40 пәтердің кілті берілуі – сөзімізге дәлел.
Мәселе • 15 Наурыз, 2024
Осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желіде «Қарағанды мектептеріндегі оқушыларды оққа байлаймын» деген суыт мәлімдеме тарап, елді әбден әбігерге салды. Ата-аналар тіпті баласын сабаққа жіберуге қорқып қалды. Қоқан-лоқыны жазып таратқан 13 жастағы тентек дереу ұсталды.
Жоба • 15 Наурыз, 2024
Қатерлі ісікті анықтайтын жоба
Қарағандылық өрендер қатерлі ісікті бірден анықтайтын жоба ойлап тапты. Жақында ғана Digital Almaty алаңында OncoZeroAi атты жоба таныстырылып, бірден көптің көзайымына айналды. Осыдан-ақ аймағымыздың IT-жобалар жасауда өзгелерден көші ілгері екенін айтуға болады.
Ұстаз • 14 Наурыз, 2024
Әсем Берікқызы – Қарағандыдағы С.Саттаров атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 26 жыл еңбек өтілі бар педагогтің жаңашылдыққа жаны үнемі жақын.
Ауыл • 14 Наурыз, 2024
Арқа жері атымтай жомарт азаматтарға бай. Ондай алтын жүректілер ауылды сақтап тұр. Соның бірі Нұрлан Қалтаев Қарқаралыдағы Қоянды аулының ажарын ашып жүр.
Өнер • 13 Наурыз, 2024
Күн мен түн теңеліп, Жер ана жаңаратын мерекеге орай Қарағандыдағы «VOGUE» мейрамханасында жылдағы дәстүр бойынша «Дала думан» мерекесі өтті.
Оқиға • 12 Наурыз, 2024
Саран шахтасында кенші қаза тапты
Бүгін «Саран» шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 07 Наурыз, 2024
Нұра ауданында «nura agroforum-2024» атты ауылшаруашылық форумы ұйымдастырылды. Алқалы басқосуды алғаш Нұра ауданының өткізетін жөні де бар. Өйткені, ауылшаруашылық саласындағы көрсеткіштерінің көші ілгері. Сонымен бұл басқосуға облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов, аудан әкімі Бақытжан Мұқанов, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Еркінбек Әбдіханов, бірқатар облыстағы басқарма өкілдері мен «Қазсушар» РМК, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК секілді іргелі ұйымдардың өңірдегі филиал басшылары, фермерлер қатысты.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Көктемнің шуақты мерекесі де өзінің сән-салтанатымен келіп қалды. Нәзікжандылардың бір мезгіл құшағы гүлге, жаны нұрға бөленеді. Күні кеше аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев сан салада еңбек етіп жүрген әйелдер қауымымен кездесіп, ашық әңгіме өрбітті. Халықаралық Әйелдер күніне орай өткен мерекелік жиында облыс әкімі көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» тақты.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Сапарға комиссия мүшесі Шавқат Өтемісов пен комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты. Өңірлерге шығуға алғаш рет ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшелері – заң ғылымдарының докторлары Исидор Борчашвили мен Индира Әубәкірова да қатысты.