Аймақтар • 05 Шілде, 2024

Қарағандыда жас кәсіпкерлерге грант табысталды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өз ісін ашуға және дамытуға 10 қарағандылық жас кәсіпкер Қарағанды қаласы әкімінің грантына ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда жас кәсіпкерлерге грант табысталды

Фото: Қасымхан Ғалым

Гранттарды қалалық мәслихат төрағасы Алтынтөре Жангелдіұлы, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Дастан Аманкелдіұлы, қалалық жастар ресурсы орталығының директоры Якуб Джамалов тапсырып, конкурсқа қосқан жобалардың үлкен бизнеске айналуын тіледі.

Айта кетейік, Қарағанды қаласы әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға арналған гранты үшінші жыл беріліп отыр.

Жеңімпаздар 3D-принтер арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға протез жасау, STEAM заманауи және инновациялық әдістемесі бар IT-мектеп, гипс бұйымдарын шығаратын өндіріс орны, ерекше балаларға арналған «Сезин» инклюзивті шығармашылық орталығын ашу, «Blackjump» фитнесстудия секілді жоба-жоспарлар ұсынған.

Сонымен биылғы қала әкімінің 1 500 000 теңге грантын төмендегі жас кәсіпкерлер алды:
1. Ермоленко Александр Сергеевич
2. Балтабаев Ғабыләлі Айдаржанұлы
3. Ежебаева Шолпан Есенкелдіқызы
4. Субботин Антон Юрьевич
5. Аблаева Фатима Берікқызы
6. Какабаев Сүйіндік Мейіржанұлы
7. Төлегенова Жазира Дәрібайқызы
8. Нұрғазы Мөлдір Уәлиханқызы
9. Аманкелдиева Қарақат Бауыржанқызы
10. Арыстанова Диана Мұхамеджанқызы