Қоғам • 04 Шілде, 2024

Сақшыларға 200 көлік берілді

68 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірдегі полицейлерге су жаңа 200 қыз­меттік көлік берілді. Облыс­тық бюджет есебінен алынған көлік­тер­ді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тапсырды.

Сақшыларға 200 көлік берілді

Көліктердің басым бөлігі пат­руль­дік поли­цияға беріледі. Тас­жолда қызмет ете­тін тәртіп сақшылары жол талғамайтын кө­лік­тер алды. Өңір басшысы қоғамды тәр­тіп­ке қырағылық танытатын құқық қор­ғау ор­ган­дарына қолдау жалғасатынын жет­кізді.

– Сіздердің қызметтеріңіз жедел және жайлы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Сондықтан құқық қорғау органдарының тиімді жұмысында материалдық-техникалық базаны нығайту ерекше маңызды. Биыл құқық қорғау орган­дарының қажеттіліктеріне облыстық бюд­жеттен 22,8 млрд теңге бөлінді, оның ішін­де бір миллиардтан астамы мате­риал­дық-техникалық жабдықты жақсартуға ба­ғыт­талады, – деді облыс әкімі Ермағанбет Қаб­дулаұлы.

Өз кезегінде облыстың полиция депар­таментінің басшысы Нығмет Исмағұлов үлкен қолдауға алғысын білдірді.
– Материалдық-техникалық базаны жаңарту облыстағы жедел жағдайды жақ­сар­тумен тікелей байланысты. Өңірдегі жағ­дай тұрақты, қылмыстың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын­дар­­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін а­л­да да қолымыздан келгеннің бәрін жасай­м­ыз, – деді полиция департаментінің басшысы.

Автопарк жыл сайын жаңарып отырады. Полиция департаменті басшысының орынбасары Нұриддин Дауылбаев қызметтік көлік қажеттілігі 85 пайызға қамтамасыз етілгенін айтады. 100 арнайы көлік қалада және трассада қызмет ететін патрульдік полицияға берілді. Енді жаңа көліктердің арқасында қыста қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстары жеңілдейді. Ал жаңа микроавтобустар тергеу-жедел топтың оқиға орнына шығуы үшін кезекші бөлімдерге берілді. Ол өз кезе­гінде мобильділікті арттырады. Көлік­тің бар­лығы дерлік стандарттарға сай, бай­ла­­ныс және бейне құрылғылармен, бас­­қа да қажетті құрал-жабдықтармен жаб­дық­талған.

Салтанатты іс-шара соңында полиция қызмет­керлері марапатталды. Қала және аудан­дардың учаскелік полицейлеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары тапсырылды.

Қарағанды облысы