
Байқау • 12 Наурыз, 2025
Көп ішекті көне аспапты кеңірек насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараны өңірде бірінші болып Федоров ауданы қолға алып отыр. Байқауға 10 ауданның жетігеншілері қатысып, бесеуі жүлделі орынға ие болды.
Қоғам • 08 Наурыз, 2025
Қостанай қаласының ең жасы үлкен тұрғыны Кәрима Әкімжанова биыл 102 жасқа аяқ басты. Әжей бүгінде құрсағынан тараған тоғыз баласынан 19 немере, 25 шөбере сүйіп отыр.
Еңбек • 08 Наурыз, 2025
1974 жылы ашылған Қашар кеніші бүгінге дейін 345 млн тоннадан астам темір рудасын берді. Мамандар жер қойнауында әлі 800 млн тоннадай пайдалы қазба барын айтады. 470 метр тереңдікте жатқан батпан байлықты жер бетіне көтеру оңай шаруа емес. Кеніш табанындағы руданы 42 «Hitachi ЕН 4000» арнайы жүктасығыш техникасы сыртқа шығарады. Еңсесі 7, ені 9 метр болатын, бір тиегенде 220 тонна жүкті жоғарыға еркін алып шығатын қуатты техниканың бірін Любовь Бабашева жүргізеді.
Кәсіпкер • 06 Наурыз, 2025
Қилы кезеңде Қиыр Шығыстан жер аударылған кәріс жұртының біразы Тобыл өңіріне сіңісіп, бүгінде осы топыраққа тамыр жайып, өсіп-өнген көп этностың біріне айналды. Қазір облыста шамамен 3 800-дей кәріс ұлтының өкілі тұрады.
Өндіріс • 04 Наурыз, 2025
Тобыл өңірінде өткен жылдың соңына таман жалпы құны 10 млрд теңгеден асатын үш бірдей сүт-тауар фермасы іске қосылды. Биыл дәл осындай тағы үш ферма ашылады.
Театр • 04 Наурыз, 2025
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Міржақып» драмасы сахналанды. Кезінде режиссер Ерсайын Төлеубай қойып кеткен спектакль араға 11 жыл салып, Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай көрерменмен қайта қауышып отыр.
Көрме • 27 Ақпан, 2025
Қостанай облысының орталық кітапханасында ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Қазақ халқының кемеңгер перзенті» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға өңір зиялылары, музей қызметкерлері, кітапханашылар, мұғалімдер мен студенттер қатысты.
Өнертапқыш • 22 Ақпан, 2025
Көпірді су тасқынынан қорғайды
Оқу-ағарту министрлігінің «100 жаңа есім – 100 жаңа тұлға» айдарының кейіпкері, Қостанай ауданы Александр ауылдық мектебінің 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков су деңгейінің күрт көтерілуі кезінде көпірлердің бұзылуына жол бермейтін инновациялық жүйені құрастырып шығарды.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2025
Алқапты әртараптандыру маңызды
Биыл өңірде 5 млн 105 мың гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып отыр: 3 млн 673,6 мың гектарға бидай, 342 мың гектардан аса алқапқа арпа себілмек. Қалған жерге майлы және әлеуметтік маңызы бар өзге де дақылдар егіледі.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2025
Өңірде қашықта отырып-ақ қарапайым халықтың қалтасын қағуды кәсіп еткен интернеттегі алаяқтар мен қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында «Заң және тәртіп» акциясы өтіп жатыр.