Байқау • 14 Қараша, 2023
Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлері арасында өткен «Жас толқын» республикалық байқауы мәреге жетті. Байқауға қатысқан авторлардың таңдаулы туындылары облыстық галерея залында ашылған «Туған жердің жауһары» көрмесіне қойылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де осында өтті.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2023
Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі
Қазақстан мен Ресей өңірлерінің Қостанайда өткен ынтымақтастық форумы аясында қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологияны ілгерілету, жастар және ауыл шаруашылығы бағытында үш панельдік сессия жұмыс істеді.
Құрылыс • 13 Қараша, 2023
«Kia» зауытының құрылысы басталды
Қостанайда «Kia» автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Елімізде автокөлік өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін ірі кәсіпорын құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Кореяның «Kia» компаниясы басшылығының осыдан екі ай бұрын ұйғарысқан келісімі нәтижесінде қолға алынып отыр.
Қоғам • 11 Қараша, 2023
Қостанайда көлік зауытының құрылысы басталды
Қостанайда «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды. Құрылыс алаңының ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен KIA зауытың бас директоры Ким Деки қатысты.
Құқық • 10 Қараша, 2023
Облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінде Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоильин ауылдық округінің әкімі Мақаш Таймасовтың тәртібі қаралды. 18 қазан күні түнгі сағат 23:00-ден кейін өзіне ішімдік сатудан бас тартқан дүкеншіні балағаттап, қоқан-лоқы көрсетуге дейін барған әкімнің әдепсіз қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Тағзым • 09 Қараша, 2023
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте жазушы-журналист Байтұрсын Ілияс атындағы дәрісхана ашылды. Қарымды қаламгер көп жылдар бойы «Egemen Qazaqstan» газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеген.
Экономика • 09 Қараша, 2023
«Баян сұлу» өнімдерінің 40 пайызы шетелге экспортталады
Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі ынтымақтастық форумы барысында «Баян сұлу» АҚ басқарма басшысы Тимур Садықов компания өнімінің жартысына жуығы алыс-жақын шет елдерге сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Қараша, 2023
Өңіраралық форумға дәстүрлі түрде екі елдің шекаралас өңірлерінің өкілдері мен кәсіпкерлері қатысып жатыр.
Экономика • 09 Қараша, 2023
Қазақстан-Ресей форумы: Ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық нығаяды
Қостанай қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумының аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды
Қостанайда жаңа салынған Смарт-орталықта көршілес екі ел делегациясының қатысуымен «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.