Зерде • 29 Қараша, 2023
Жітіқара өңірі бағзы тарихтың талай сырын бүгіп жатқаны анық. Өлкетанушы ғалымдар ежелгі Арқайым қалашығымен шектесетін Жітіқара маңында көне өркениеттің ізі бар екенін, сондықтан жүйелі археологиялық зерттеу жұмыстарына сұранып-ақ тұрғанын айтады. Мәселен, осы өңірдегі Жалтыркөлдің жағасында кезінде көшпелілердің көне моншасы болған деседі. Өлке тарихының білгірі, ардагер журналист Қуаныш Орманов ағамыз – осы моншаға түсіп көрген адам.
Өндіріс • 29 Қараша, 2023
Киік етінен консерві шығара бастады
Арқалықтағы «Торғай ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі киік етін өңдеп, консерві шығаруды қолға алып отыр. Ет комбинатындағы жаңа өндіріс 11 қарашадан бастап жұмыс істеп жатыр. Содан бері кәсіпорын 4 мыңнан аса консерві жасап шығарып, қала дүкендеріндегі сауда сөрелеріне қойған.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Жылы жаққа қайта алмай қалған жыл құсын Қостанай ауданына қарасты Александров елді мекенінің тұрғындары ауыл маңындағы тас жолдың бойынан ұшырастырған. Бірқазан қазір Алтынсарин ауданындағы Силантьев ауылында, Арақарағай орман шаруашылығының қорықшысы Арыстан Әлімқожиновтың қолында. Орманшы құс қолға үйренсе, көктемге дейін бағамын деп отыр.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
«Iqostanay» смарт-орталығында дарынды шәкірттердің қарым-қабілетін ұштауға, баланың жаны қалаған ғылым саласына ден қойып, өнер үйренуіне қажеттің көбі табылады. Құны 11,3 млрд теңге болатын қосымша білім беру орталығының іргетасы былтыр қаланған. Содан бергі бір жылдан аса уақыт ішінде құрылысы толық аяқталып, балалардың игілігіне беріліп отыр.
Мирас • 23 Қараша, 2023
Қостанайда «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Мергендер сайысына өңірдің сегіз ауданынан балабақшаға барып жүрген 50 шақты бүлдіршін қатысты.
Мирас • 22 Қараша, 2023
Ұлттық өнерге жаңаша реңк үстеп, боялған қой жүнінен қазақы нақыштағы көзайым көркемсурет туындыларын жасап жүрген Аңқауовтар отбасын бүгінде бүкіл Қостанай жұртшылығы жақсы біледі. Ағайынды төрт жігіттің төртеуі де тумысынан сирек кездесетін айықпас дертке шалдыққан. Аяқ-буындары ауырады. Соған қарамастан, таяққа таянып жүріп, ұлттық қолөнерді насихаттаудан танбай, оған қоса, талай жас талапкерді қолөнерге баулып жүрген қайыс мінез қайсар жандардың өнері мен өмірге деген құштарлығы жан сүйсінтеді.
Аймақтар • 22 Қараша, 2023
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Рудный қаласына барып, бірнеше кәсіпорынды аралады. Одан кейін өңірдің өндірістік кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті. «Горняк» мәдениет үйінде өткен жиынға «Сарыбай-Соколов» кен байыту бірлестігі, «Краснооктябрск боксит кені басқармасы», «Қостанай минералдары», «Агромашхолдинг», «Варваринское», «Өркен» «СарыарқаАвтоПром», «Комаров тау-кен кәсіпорны» секілді ірі өндіріс орындарының жұмысшылары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отбасы • 21 Қараша, 2023
Сырттай тым жұпыны көрінетін сегіз үйлі Сәт ауылының адамдары жаздай бие байлап, сиыр сауып, төрт түліктен түскен табиғи таза өнімді табыс көзіне айналдырып отыр. Амангелдіден Қостанай, Арқалық, Астанаға қарай шығатын күре жолдың бойында жатқандықтан, әрі-бері ағылған автокөліктің көбі жолшыбай осы ауылға соғып, бал қымызын, жұмсақ құрт, сары май, қою қаймағы мен тәтті ірімшігін ала кетеді.
Өндіріс • 20 Қараша, 2023
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу саласы жақсы дамыған Қостанай облысы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мол үлес қосып отырған өңірдің бірі. Облыс республика көлемінде ұн өндірісі бойынша бірінші, сүт және қою кілегей, йогурт өндірісі бойынша екінші, макарон, жарма өндіру саласында үшінші орында тұр.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Қараталға қарайласпай болмас...
Меңдіқара ауданындағы Қарақоға ауылдық округі ресми түрде осылай аталғанымен, халық жадына Қаратал деген атаумен мықтап бекіген. Қаратал өңірі Ресейдің Қорған облысымен шектеседі. Екі аралықты Тобыл өзені бөліп жатыр. Бұл өңірдегі 7 елді мекенде кезінде 5 мыңнан астам халық бар еді. Қазір содан қалған 4 ауылда 900-ге жетер-жетпес адам отыр. Бұл үрдіске тоқтау болмаса, ұлт ғылымына Манаш Қозыбаев, Оразақ Смағұлұлы сынды мықтыларды берген құйқалы өңір Қараталдағы бірнеше қазақы ауылда он шақты жылдан кейін адам қалмауы мүмкін.