Banner
Banner
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1790 материал табылды

Оқиға • 16 Наурыз, 2023

«Қайрақ» шекара бекетінде әскери шлем тиелген көлік ұсталды

«Қайрақ» шекара бекетінде Ресейге өтпек болған жүк көлігінен әскери  шлемдер мен тактикалық  рюкзактар табылды. Бұл туралы Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 16 Наурыз, 2023

Су қоймалары ортайып барады

Астықты аймақта соңғы жылдары құрғақшылық жиілеп кетті. Содан ба, өңірдегі негізгі тіршілік көзі болып табылатын ірі су қоймалары да ортайып барады. Соның салдарынан кейбір елді мекендерде ауыз судың сапасы төмендеп, ішуге жарамай қалған.

Көрме • 14 Наурыз, 2023

Зерде мен зергер

Қостанайда белгілі суретші-зергер Леонид Игошиннің көрмесі өтіп жатыр. Көзі тірісінде «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің түсіріліміне арналған ұлттық әшекей бұйымдар мен қалқан, сауыт, дулыға, қылыш, қын тәрізді батырдың бес қаруын жасаған шебердің қолынан шыққан көп бұйымдардан қазақтың төл зергерлік өнеріне тән бедерді айқын аңғаруға болады.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2023

Құтқарушылар күшейтілген режімге көшті

Қостанай төңірегінде сірескен қардың табаны енді-енді ғана жіби бас­тады. Ал облыстың оңтүстігіне қарай орналасқан шалғай аудандарда қар еріп, сай-саланы қызыл су басып жатыр.

Ұстаз • 09 Наурыз, 2023

Жан жылуы

Сырбай Мәуленов атындағы гимназия мұғалімі Балғанат Базарбаева жиырма сегіз жыл бойы бала оқытып, өскелең ұрпаққа өмірлік азық, өлмес өнеге дарытып келеді. Білікті ұстаздың шәкірттері тарих пәні бойынша қала, облыс көлемінде өтетін ғылыми байқаулар мен олимпиадалардан құр қол қайтқан емес. Тіпті республикалық білім жарыстарынан да озық шығып, алдыңғы қатардан көрініп жүр.

Экология • 09 Наурыз, 2023

Зорман оянды

Науырызым қорығында биыл зорман ерте оянды. ЮНЕСКО қорғауындағы далалы-орманды алқапқа бай табиғи қорықта саршұнақтардың үш түрі тіршілік етеді. Зорман соның ішіндегі ең ірісі.

Қоғам • 06 Наурыз, 2023

Әлеуметтік салаға қолдау

Өңірге жұмыс сапарымен келген Алтай Көлгінов әлеуметтік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерде іске асырылу барысымен танысты.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2023

Айғожаның Қаратұзы

Жергілікті жұрт Айғожаның Қаратұзы деп атап кеткен ерекше көл Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылынан 22 шақырым жерде жатыр. Бір ғажабы, жазда Қаратұз алыстан кәдімгі аппақ қар сияқты болып сағымданып көрінеді. Ақкөл тұрғындарының айтуынша, көлдің аумағы шамамен жеті жүз гектардай болады. Тереңдігін біреулер 550 метр, енді біреулер 18 метр деп болжайды.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2023

Тағы 1 миллион теңгеден беріледі

Былтыр Аманқарағайдағы өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданының тұрғындарына тағы 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Өткен жылдың қарашасында Әулиекөлдің іргесінен бой көтерген «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйлерге қоныстанған 27 отбасы таяуда күнкөріс қиындап, коммуналдық шығындарын өтей алмайтын жағдайда отырғандарын айтып көмек сұраған.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2023

Ретро ойыншықтар

Рудныйдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Игорь Великов ағаштан ойып, неше түрлі ойыншық пен мүсін жасайды. Кезінде жазатайым пойыздың астына түсіп, саусақтарын түбінен кестіріп тастаған ол қолдың кемтарлығы қолөнермен айналысуға кедергі емес, дейді.

Яндекс.Метрика