Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Қостанай облысының әкімі дауыс берді

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қалалық музыка мектебі ғимаратындағы №3 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл учаскеге 1600-ге жуық сайлаушы тіркелген. Өз таңдауын жасаған соң әкім БАҚ өкілдеріне сұқбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысының әкімі дауыс берді

«Бүгін мемлекетеміз үшін өте маңызды күн. Біз елдің жарқын болашағы үшін таңдау жасап жатырмыз. Биылғы сайлау жаңа форматта өтіп жатыр. Бұл жолы үміткерлердің аса белсенді екенін көріп отырмыз. Бір депутаттық мандатқа саяси партиялар тарапынан ұсынылған немесе өзін-өзі ұсынған үш үміткерден түсіп отыр. Бақылаушылардың да белсенділігі жоғары. Мұның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың бір көрінісі. Бұл республикамыздың экономикасының дамуына, қоғамдағы демократиялық үдерістердің қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді», деді Құмар Ақсақалов.