
Форум • 15 Тамыз, 2023
Қостанайда маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу барысында мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы серіктестік пен ынтымақты нығайту мәселелері талқыланған халықаралық азаматтық форум өтті. «Халықаралық серіктестік: өңірлік аспект» деген тақырып төңірегінде өткен алқалы жиынға Қазақстанның әр аймағынан және Ресейдің шекаралас өңірлерінен келген қоғам белсенділері, сонымен қатар, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, онлайн режімде Франция, Грузия, Украина елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Қостанайда мың құбылып әуеге шапшығанда түрлі-түсті бояуға малынып, Батыстың классикалық симфониясы мен Құрманғазы күйлерінің ырғағына ілесіп билей жөнелетін музыкалық субұрқақ іске қосылды. Ерекше субұрқақ ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші тұрған орталық саябақта орналасқан.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
«Kostanai invest 2023»: Өнеркәсіпті ілгері бастыратын жобалар
Қостанайда өңір экономикасын ілгерілетудің жаңа мүмкіндіктерін қарастырған «Kostanai Invest 2023» халықаралық форумы өтті. Отандық кәсіпкерлермен қатар, алыс-жақын шет елдерден арнайы келген инвесторлар қатысқан алқалы жиында экономиканың маңызды салаларына қатысты инвестициялық жобалар таныстырылды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және жаңартылған қуат көздерін пайдалану мәселелері талқыланды.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
Биыл мектеп оқушыларының жазғы демалысы өңірдің қарағайлы орманды аудандарындағы тұмса табиғат аясына орналасқан он шақты лагерде ұйымдастырылған. Мұның сыртында, ата-ана қамқорлығынан қағылған балғындар мен ерекше балаларға арналған үш демалыс орны жұмыс істейді. Бұл лагерьлерде жаз бойы төрт жүзден астам бала тегін демалып жатыр.
Спорт • 08 Тамыз, 2023
Тобыл өңіріндегі дәстүрлі спартакиада
Алтынсарин ауданында Тобыл өңірін жыл сайын бір дүрілдетіп өтетін облыстың дәстүрлі бұқаралық спорт мерекесі – «Тың» ойындары мәреге жетті. Осымен 36-рет ұйымдастырылып отырған спартакиада барысында облыстың барлық аудан-қаласынан келген 2 мыңға жуық адам спорттың 18 түрі бойынша бәсекеге түсті.
Футбол • 04 Тамыз, 2023
«Тобыл» УЕФА Конференция лигасының үшінші кезеңіне өтті
Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Швейцарияның «Базель» командасымен кездесті.
Футбол • 03 Тамыз, 2023
«Тобыл» Швейцарияда жасаған сенсацияны Қостанайда қайталай ала ма – бас жаттықтырушы жауап берді
Қостанайдың «Тобылы» УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Швейцарияның «Базель» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2023
Өңірдің үздік тауары анықталды
Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары» байқауының аймақтық кезеңі аяқталды. Орталық алаңда көрме-жәрмеңке түрінде өткен іс-шараға 200-ден астам кәсіпорын, сонымен қатар «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жеке кәсібін ашқан 80 кәсіпкер қатысты.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Қостанайда бір топ адам агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Аталған топ 2022 жылдан бері ет сатып алу туралы жалған мәміле жасасу арқылы 1,6 млрд теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырып үлгерген.
Өнер • 16 Шілде, 2023
Киіз бұйымдарындағы өмір мен өрнек
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің галерея залында «Ою-өрнек құпиясы» атты киіз бұйымдар көрмесі ашылды. «Qoloner» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шараның ашылу рәсіміне мәдениет саласының, өңірдегі іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, жергілікті қолөнер шеберлері мен суретшілер қатысты.