
Отбасы • 27 Қыркүйек, 2023
Өңірде әр нәрсені сылтау етіп алимент борышын төлеуден жалтарып жүргендердің қатары азаймай тұр. Олардың мойнындағы қарыз көлемі 500 млн теңгеден асып кеткен.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2023
Биыл төрт түліктің жас төлін біріздендіру жұмыстарына облыс бюджетінен 110 млн теңгеден аса қаржы бөлініп отыр. Ветеринар мамандар жыл басынан бері 128 132 ірі қараны, 136 010 ұсақ малды, 42 966 доңыз, 13 240 жылқы, 15 түйені сәйкестендіру тізіміне енгізген.
Ұстаз • 21 Қыркүйек, 2023
Сарыкөл ауданында тұратын Шаймерден әулетінің ұстаздық еңбек жолы сонау он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қырық жылға жуық ауыл мектебінде еңбек етіп келе жатқан Сүйіндік Харесұлының атасы Шаймерден Таубайұлы 1890 жылы өз қаржысына ауылдық мектеп ашып, бала оқытқан. Бүгінде ұстаздар әулетінің төрт бірдей өкілі білім саласында қызмет етеді. Көзі ашық, көкірегі ояу, діни сауаты мол, ағартушы Бекет Өтетілеуов ұстаз тұтқан Шаймерден молда Ыбырай Алтынсарин салған ағартушылық жолдың толқынымен осыдан 133 жыл бұрын Сарыкөл өңіріндегі Еңбек ауылында орыс-қазақ мектебін ашады. Оған жас орыс жігітін мұғалім етіп алдыртып, жалақысын өз қалтасынан төлеп беріп отырады. Қазақ тілінде өтетін пән сабақтарын өзі оқытып, оқу-тәрбие ісін тікелей бақылауына алады.
Жәдігер • 21 Қыркүйек, 2023
Бауыржан Момышұлы мен Ілияс Омаровтың өзара жазысқан өрелі хаттарын оқып отырсаңыз, бауырмалдықтың, адал достық пен шынайы жанашырлықтың қандай болатынын тани түскендей боласыз.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2023
Жітіқара ауданы даму тарихындағы 95 жылдық белесін кеңінен атап өтті. Ежелден алтын, асбест кенімен әйгілі өңірдің бүгінде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік, әлеуметтік саласы қарқынды дамып келеді.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023
«Kieli tabigat» республикалық акция аясындағы сенбіліктерді өңірде бірінші болып Амангелді ауданы бастады. Аудан тұрғындары «Арқалық – Торғай» тас жолының бойындағы Кейкі батыр кесенесінің іші-сыртын жуып-сүртіп, маңайын тазартты.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2023
Бала өліміне әкелген бейқамдық
Ұзынкөлде өткен мерекелік іс-шара кезінде тоқ соққан қыз қайтыс болды. Аудан орталығында Жастар күні аясында ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламасына бүлдіршіндерге көзқуаныш, қызық көрінетін мерекелік көбік шашу рәсімі де енген. Көбік шашудың арты қайғылы оқиғаға ұласып, 9 жастағы жас өрім ауруханаға түскен.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Амангелді ауданында Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың 150 жылдығы аясында олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға да көп көңіл бөлініп отыр. Шалғай аудандағы спорт жарыстары суға жүзуден 2013-2016 жылы туған балалар мен қыздар арасында өткен облыс чемпионатынан басталды.
Зерде • 12 Қыркүйек, 2023
Қостанайда халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: айтылмай келген ақиқат» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Қоғамдық даму басқармасы мен «Jastar Evolution» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған алқалы жиында облыс әкімдігінің қолдауымен өңірде бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан «ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты деректерді зерттеу» жобасының нәтижелері де сөз болды.
Мәдениет • 10 Қыркүйек, 2023
Амангелдінің қаһармандық тұлғасы
1916 жылғы Торғай көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған мерейтойдың басы биыл сәуірде Астанадан бастау алып, еліміздің бірқатар өңірінде өткен батырдың ерлік өнегесін дәріптеу, рухына тағзым ету іс-шараларына ұласты. Енді, міне, қыркүйектің үші мен тоғызы аралығында ел басына күн туған тағдыршешті кезеңде жасындай жарқ еткен алдаспанның сынығы, тұлпарлардың дүбірі қалған дархан Торғай даласында, байтақ Батпаққара өңірінде аталған мерейтой аясындағы тағылымды іс-шаралардың қорытындысы іспеттес торқалы той, алқалы жиын өтті.