Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1829 материал табылды

Аймақтар • 26 Қараша, 2024

Екі ауыл газ желісіне қосылды

Сырдария ауданындағы А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылдары газ желісіне қосылды. Ауданға сапармен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды құттықтап, алда атқарылатын жұмыс туралы баяндады.

Есірткі • 25 Қараша, 2024

Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталды. Қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме әкелген әйел есірткіні кәмпит ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 22 Қараша, 2024

Экономикаға серпін берген жобалар

Кейінгі жылдары Сыр өңірі жүзеге асқан жобасы көп аймақ саналып отыр. Дамудың тиімді жолын таңдап, түрлі бағыттағы бастамаларды іске асыру экономикаға ерекше серпін бергені байқалады. Өңірдің 10 айдағы көрсеткіші осындай байлам жасауға негіз болады.

Аймақтар • 15 Қараша, 2024

Кескен күйік кереметі

Көне дәуір дерегінен таныс Кескен күйік оғыздар кезеңіндегі ірі қаланың бірі болған деседі. Өткен ғасыр ортасына таман Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедиция алғашқы барлау жұмыстарын жүргізгенде қала орны әуеден фотоға түсіріліп, схематикалық жоспары жасалыпты. Көп ұзамай деректер қайта жинақталып, археологиялық барлау қазбасы салынған.

Тағзым • 14 Қараша, 2024

Әлем таныған Әбе

Қызылорда облысының Арал ауданында халқы бастан өткерген тұтас бір ғасырды суреттеп, кейіпкерлері әлем әдебиетіне еркін енген қаламгер, Қазақстанның Еңбек ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығы аталып өтті. Жазушы атындағы әдебиет үйінің алдында басталған іс-шара шымылдығы балықшы қауымның өмірін бейнелеген қойылыммен ашылды.

Тәрбие • 12 Қараша, 2024

Тәрбие – талбесіктен

Қызылордадағы Достық үйінде IХ республикалық әкелер форумы өтті. Отбасы мәселелерімен айналысатын сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен республикалық әкелер одағының өңірлік жетекшілері, жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысқан жиын­да бала тәрбиесінде әке жауапкершілігін арттыру төңірегінде келелі ой-пікірлер айтылды.

Аймақтар • 09 Қараша, 2024

Қызылорда – Жезқазған күре жолы: Құрылыс тәмамдалуға таяу

Оңтүстікті орталықпен байланыстыратын «Қызылорда – Жезқазған» күре жолының бойында тірлік қауырт. Қайта жаңғырып жатқан жолдың көп бөлігінде көліктер кедергісіз зырлайды. Қазір автожолдағы үш учаскеде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын тұр. Қызылорда мен Ұлытауды жал­ғап жатқан 424 шақырым жолдың 204 шақырымы біздің аумақта. Осы күні жолдың Қызылорда аумағындағы үш учаскесінде үш қабат асфальт тө­се­ліп бітуге жақын. Жыл соңына дейін 140 шақырым жол қолданысқа беріледі.

Жәдігер • 09 Қараша, 2024

Ең құнды жәдігер

Қызылордада Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерден «Тарихы терең Түркістан» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған көрменің ашылуына өңірдегі зиялы қауым өкілдері, жастар келді.

Жоба • 05 Қараша, 2024

Жұрт сенімін арттырған жоба

Былтыр өңірдегі «Ауыл аманаты» жобасының бірінші кезеңі елдегі кәсіп бастауға тал­пын­­ған талай жанның жолын ашты. Аймақта жобаның ал­ғаш­қы жылында 3 млрд теңге бөлініп, негізінен өн­ді­рістік жо­ба­ларға басымдық бе­ріл­ді. Өзге де саладағы бастамалар қол­дау­сыз қалған жоқ.

Ғылым • 05 Қараша, 2024

Ізденіс басы – іргелі зерттеу

Емі табылуы қиын альцгеймер және паркинсон ауруларына қарсы дәрі жасап жатқан мамандар арасында отандық ғалымдар да бар. Солардың бірі – химия ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеуші-профессоры Нұрбол Аппазов. Осыған дейін де күріш сабанынан биотыңайтқыш, целлюлоза алу, жантақтан дәрілік препарат дайындау, мұнаймен ластанған топырақты тазалау жобаларына жетекшілік еткен ғалыммен әңгімелескен едік.