Аймақтар • Бүгін, 19:21

Қызылордалық сот арқылы телефон шығынын өндіріп алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық сотына жүгіннен азамат былтыр қыркүйек айында облыс орталығындағы көшелер қиылысының біріндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көлік қаққанын, соның салдарынан денсаулығына «жеңіл» дәрежеде зиян келгенін көрсетіпті, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордалық сот арқылы телефон шығынын өндіріп алды

Сол тұста жауапкер сот қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 103 376 теңге әкімшілік айыппұл да салынған екен.

Бұл жолы жапа шеккен азамат жол-көлік оқиғасы кезінде қолданып жүрген «Apple iphone 15» маркалы ұялы телефоны жарамсыз күйде түскенін, оны әпкесі несиеге рәсімдеп, туған күніне сыйға бергенін көрсетіп, жауапкерден материалдық шығын және моральдық зиян  өндіруді сұраған.

Сот істегі дәлелдемелерді және тараптардың түсінігін тыңдай келе талап қоюды қанағаттандырды. Жауапкерден талап қоюшы пайдасына 504 990  теңге материалдық шығын және 500 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарылды.