Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1721 материал табылды

Қоғам • 10 Қаңтар, 2025

Ас беруде артық кетіп жүрміз

Торқалы той мен топырақты өлімді қастерлейтін қазақ үшін соңғы­сының жүгі ауыр. Әркім де қазалы шаңыраққа көңіл қосын білдіріп, бақилық болған жанның жаназасына қаты­суды парыз санайды. Бірақ осы рәсімде шариғат пен дәс­түр­ден тыс, пайдасынан зияны көп кейбір әдеттердің кең етек алып келе жатқаны да байқалып жүргенін жасыра алмаймыз.

Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

Қызылордада жоғалған малшы табылды

7 қаңтардың түнінде Жалағаш ауданы полиция бөліміне 64 жастағы малшының жоғалғандығы туралы хабар түседі.  Осы аудандағы Жаңадария ауылының «Құмжарған» учаскесінде фазендадан таңертең мал айдап шыққан азамат кешке оралмаған. Дауылды күні жоғалған ер адамды әуелі шаруа қожалығындағы малшылар өздері іздепті. Одан нәтиже шықпағасын полицияға жүгінуге тура келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025

Қала мен дала қуанышы

Қармақшы ауданында №284 мамандандырылған мектеп-лицей интернаты жанынан салынған спорт зал мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қуаңдария ауылынан бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Музей • 27 Желтоқсан, 2024

Музей қорындағы қайраткер мұрасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына ХХ ғасыр басындағы танымал қайрат­кер Иса Тоқтыбаев өмірінің кейбір кезеңдері таспаланған фотолар қабылданды. Құнды материалдарды тұлғаның немересі Әлия Исаева табыс етіпті.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024

Қоныстой көбейген кезең

Биыл Қызылордада әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысының қарқыны артты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қармақшы, Сырдария аудандарында үй кезегін күткен жандар баспанаға қол жеткізді. Облыс орталығындағы 84 пәтерлік 6 үйден 504 адамға кілт табысталды. Биыл облыс аумағында жарияланған «Руханият жылы» аясында мәдениет саласы мамандарына тағы 40 пәтер берілді. Жақында ғана «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының қатысушылары пәтерлі болды. «Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамту үшін қолға алынған өңірлік тың жоба.

Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024

«Елай» есімді ит бір жылда 72 қылмыс ашты

Жақында Шымкент-Самара күре жолының Жаңақорған ауданы тұсындағы «Шеп» бекетіне кезекшілікке түскен ПД кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция лейтенанты Азамат Пазылов  күдік тудырған «Тойота» автокөлігін тоқтатады. Көлікті тексеру кезінде «Елай» қызметтік-іздестіру иті жүк салғыштан мұқият жасырылған күдікті заттар тапқан, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024

Қармақшыдағы «Руханият орталығы»

Биыл Сырдағы «Руханият жылы» аясында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Жыл басында 1000 орындық «Өнер орталығы» ашылып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, Жастар театры, заманауи би және хор ұжымдары жасақталды. Ежелі жыр сарынын сақтаған өлкедегі биылғы жаңалықтың тағы бірі – «Жыраулар үйі».

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Жарты миллион шақырымдық жол

Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушісі Бақыт­жан Құрақбаевтың таң алагеуімнен басталатын жұ­мы­сын қиынсынған кезі жоқ. Бастапқыда жеке компания­ларда жұ­мыс істеді. Кейіннен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС жүр­гізушісі атанды. Көлік тізгініне отырғаннан бәрін ұмы­тып, назарын жолға салады. Бұл – күніне жүздеген адам мін­ген авто­бус жүргізушісінің бойында баяғыдан қалыптасқан әдет.

Тағзым • 06 Желтоқсан, 2024

Жыр бұлағы – Жиенбай

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыр жүйрігі – Жиенбай жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі өтті. Сыр сүлейлерінің көне сүрлеуін салған жыр жампозының 160 жылдығына арналған кешке өнерсүйер қауым жиналды.

Аймақтар • 28 Қараша, 2024

Игілігі елге ортақ

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы журналистерге арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Республикалық, өңірлік БАҚ өкілдері облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралап, әр саладағы жұмыстармен танысты.