
Сотталушы «DAMUBALA» платформасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тексеріс жүргізіп, 13 адамның 88 млн теңгеден аса қаражатын қызмет бабын пайдалана отырып иемденіпті.
Сот үкімімен мониторингтік топ мүшесіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда және басшылық лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды.
Ал оған осы істе көмектескен кәсіпкер 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.