
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Мәди Әліптің айтуынша бүгінде 175 нысан заңдастырылып, 81 нысанның заңсыз салынғаны анықталған. Олардың иелеріне 214 хаттама толтырылып, 86 579 960 теңге айыппұл салыныпты.
«Қызылорда қаласында 4 кәсіпкерлік нысан бұзылды, қазір КБИ мөлтек ауданында пәтердің заңсыз салынған қосымша құрылысын бұздыруға сот шешімі шықты», дейді басқарма басшысының орынбасары.