
Байқау • 16 Қаңтар, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Дүбірлі дода Ұлттық кітап күні мерекесіне орай өткізіледі.
Кино • 07 Қаңтар, 2025
Былтыр Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 17 жобаның өндірісі аяқталған еді. Атап айтсақ, «Қайрат», «Игроманка», «Капитан Байтасов», «Qaitadan», «Фейковый арман», «Мангистау – край океана Тетис», «Күн ұясына батқанда», «Үміт әрдайым жанымызда», «Шырмауық», «Осенний бриз», «Граждане крыши», «Құт», «Мы здесь живем», «Победителей видно на старте», «Здравствуй, добрый человек», «Соңғы парыз» фильмдері бар. Ал «Алан туралы аңыз» ауқымды анимациялық жоба болғандықтан осы жылы аяқталмақ.
Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2024
Эстония және Финляндия елдерінде Қазақстан Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Астана қаласының мәдени күндері өтті. Таллин және Хельсинки қалаларында ұйымдастырылған мәдени-сазды кештерге Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымдары мен солистері, Франциядан арнайы келген скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев қатысты.
Елорда • 20 Желтоқсан, 2024
Жұлдыздай жарқыраған жасыл шырша
Бір, екі, үш, төрт, бес... Сәрсенбі күні елорда тұрғындары мен қонақтары сағат тілі 20.00-ді үздіге күтіп, соңғы секундтарын хормен санап, жаңажылдық шыршаның шамын жағу рәсіміне куә болды. «Астана Арена» стадионы маңында орналасқан биіктігі 25 метрлік бас шыршаның шамын елорданың ең үздік мектеп оқушылары жақты. Жылына бір келетін ғажайып сәтті көруге үш мыңға жуық адам жиналды. Сондай-ақ дәл осы уақытта елорданың басқа аудандарында да 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты конференция өтті. Алқалы жиын аясында көрнекті қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған фото және кітап көрмесі ұйымдастырылып, екі жаңа кітап таныстырылды.
Сұхбат • 06 Желтоқсан, 2024
Түгелбай ҚАЗАҚОВ, Қырғыз Республикасының Ел әртісі: Музыкадан құдіретті дүние жоқ
Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауылда бір ғажап ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жаңбыр төкті», «Элегия», «Жиырмасыншы жаз», «Гүлзарлар» сынды аңызға айналған әндердің авторын да қазақ жұрты жақсы таниды. Жуырда Қырғыз Республикасының Ел әртісі Түгелбай Қазақовтың Бішкекте өткен шығармашылық кешіне барып қайтқан едік. Біртуар композитордың сырлы әндерін тыңдап, өмірі мен өнері туралы сұхбат құрдық.
Әдебиет • 15 Қараша, 2024
Кез келген көркем шығарма адам жанының тереңін жырлайды. Қат-қабат ойлар мен мінездердің тоғысын шынайы бедерлейді. Кейіпкердің қол созған үмітін, жоғалған арманын, сағымға айналған мақсат-мұратын, сағынышы мен өкінішін суреттейді. Классикалық туындының өн бойынан нәзік бір иірім еседі, шығармадағы уақыт пен оқиға сондай бір трагедияға, замана запыранына толы болса да әлдебір мұңды әуен бір үзілмейді.
Жансарай • 15 Қараша, 2024
Абыл Кекілбаев: Бір түнде үйдің еркесінен үлкен адамға айналдым
Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тау-тұлғалардың ұрпақтары да жақсының көзіндей көңілге ыстық көрінеді. Әсіресе ата мұрасына адалдық танытып, шығармашылығының шамын жағып жүрген шырақшы ұлдарға құрмет бөлек. Солардың бірі – Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының тұңғыш немересі Абыл. Абыз жазушының биылғы 85 жылдық мерейтойы қарсаңында атадан қалған мол мұраны бүтіндеп, кейінгі ұрпаққа шашауын шығармай жеткізу жолында шапқылап жүрген Абыл Кекілбаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.
Таным • 06 Қараша, 2024
Әдеби сауалнамамыздың кезекті қонағы – сыншы-әдебиетші Амангелді Кеңшілікұлы. Дәстүрлі сұрақ: не оқып жүрсіз?
Жансарай • 18 Қазан, 2024
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ: «Ой кіргелі тимеді ерік өзіме»
Әдеби ортада жұрт көзінен жырақ, думанды жиындарда сирек көрінетін, десек те жазуы жүйрік қаламгерлер бар. Әсіресе қалыптасқан өзіндік тақырыбы, тосын жанры, қалам машығы, жазу стилі, тың пайымы автордың бөлек болмысын баян етеді. Мұндай бөлек болмысты шығармашыл жандардың ойы да, сөзі де, өмір сүру ережесі де бөтен болады екен. Бүгін танымдық тақырыпта толғамды еңбек жазып жүрген қаламгер-эссеист, ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат ТӘЖ-МҰРАТПЕН әңгімелесудің сәті түсті. Әрине, алғашқы сөзімізді тарихи туындыларынан бастадық.