
Айта кетейік, фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Кинотуынды әжесінің тәрбиесінде өскен баланың тағдырын баяндайды. Фильмде көне қазақ дәстүрі – баланы бауырына салу айқын көрініс табады. Әжесі қайтыс болған соң бала ата-анасына оралып, олармен қайта байланыс орнатуға тырысады. Бұл – режиссердің өз басынан өткен оқиғаларға негізделген туынды.
«Бауырына салу» фильмі бұған дейін де халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Ол «Asia Pacific Screen Awards» байқауында үздік жасөспірімдер фильмі атанды, Әзербайжанда өткен «Baku International Film Festival»-дің бас жүлдесін иеленді, Франциядағы «Cinema Heritage Festival»-де арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ фильмнің операторы Жанарбек Елеубек «Asia World Film Festival»-де «Үздік оператор» аталымы бойынша марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына «Шетел тіліндегі үздік фильм» санатында ресми түрде ұсынылған болатын.