
Экология • 10 Желтоқсан, 2023
Арал астротуризм алаңына айналмақ
Ұлыбританияның «Time Out» басылымы әлемнің әртүрлі жерінде өркениеттен алыс табиғи аймақтарда жұлдыздарды тамашалауға болатын «Жұлдыздарды бақылау» үшін ең қолайлы 10 туристік бағыттың тізімін жариялады. Мұның ішінде қазақ даласындағы Арал теңізі де бар.
Ұлттық спорт • 07 Желтоқсан, 2023
Жамбы ату – қазақтың көнеден жеткен ұлттық жауынгерлік өнері. Ат құлағында ойнаған қырағы, құралайды көзге атқан мергендер жүйрік атпен шауып бара жатып, бағанға ілінген жамбыны садақпен атып түсіреді. Тарихтың сарғайған бетіне сіңіп бара жатқан сайыс түрі бүгінде қайта жаңғыра түсті. Жамбы атудың бірнеше түрі белгіленіп, ережелері бекітілді. 2014 жылдан бастап елімізде ат үстінде садақ ату спортын дамыту үшін Жамбы ату федерациясы құрылды. Содан бері жамбы атудан халықаралық және республикалық жарыстар, ел чемпионаттары өткізіліп келеді. Атқа қонған сұрмергендер шетелдік додаларда сынға түсіп, көк байрақты желбіретіп жүр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Халықаралық мүгедектер күніне орай Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Егізбаев пен Таңсәуле Серіков Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инклюзивті студенттерімен кездесті. Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты.
Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023
Ойнай отырып ойлай білетін орта қалыптасып келеді. Олар – заманауи әрі креативті ойлайтын жастар. Оларды табыстырған көңілді куиз интеллектуалды ойын алаңы. Осындай зияткерлік бәйгеде «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшілер қосыны ой оздырып, топ жарған еді.
Халық • 01 Желтоқсан, 2023
«Қандас» мәртебесін алу жеңіл болмай тұр
Азаматтық куәлік – жер басып жүрген әрбір жұмыр басты пенденің белгілі бір елде өмір сүруіне хақылы әрі сол елдің заңды азаматы екенін айқындайтын құдіретті құжат. Қазір «итке темір не керек» деп жүрген ешкім жоқ, тіпті ит пен мысықтың да тиісті құжаты бар. Ал атажұртым деп шекара асып келген қандастарымыз ел қатарына қосылғанын айғақтайтын бір жапырақ қағазға зар болып жүр.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ спорт журналистикасы және медиакоммуникация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қаламгердің құрметіне спорт журналистерінің аудиториясы ашылды.
Экономика • 28 Қараша, 2023
Солтүстік Каспий жобасы: жетістіктер жолындағы 30 жыл
Қазақ елінің қалыптасып, бүгінгі өркениет баспалдағына көтерілуіне қара алтынның тигізген үлесі зор. Бұл ретте ширек ғасырдан аса уақыт жұмыс істеп келе жатқан Солтүстік Каспий жобасының орны бөлек. Бүгін біз сол айтулы жобаның басы-қасында болған, Қашаған кен орнын алғашқы ашушылардың бірі, әр жылдарда жеке мұнай-газ компанияларын басқарған және елімізде алғаш рет құрылған «Қазақстандық мұнайшылар мен геологтер қоғамы» бірлестігінің президенті лауазымын атқарған, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандықовты әңгімеге тартқан едік.
Спорт • 27 Қараша, 2023
Атажұртқа алыс-жуық шетелдерден келіп, білім алатын қазақ жастарының қатары азайған емес. Жыл сайын қандастар арнаулы 4 пайыздық квотамен ғана грант конкурсына қатысып, білім алып жатыр. Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» бүгінде қандас жастардың тек білім алып қана қоймай, қарашаңырақ Қазақ еліндегі қоғамдық ортаға бейімделуіне және саламатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөліп отыр.
Жоба • 23 Қараша, 2023
Елордадағы AstanaHub IT-стартаптар технопаркінде ITeachMe инклюзивті жобасы аясында жетінші маусым жеңімпаздары марапатталды. ITeachMe жобасы негізінен мүгедектігі бар жастар үшін қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқудан өтуге бірегей мүмкіндік береді. Онда SMM, копирайтинг, мобилография, графикалық дизайн, UI/UX және motion дизайн секілді мамандықтар бар.
Туризм • 22 Қараша, 2023
Қазақстан-Қытай: туристік байланыс екі жаққа да тиімді
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара визасыз режім күшіне енді. Қоғамда бұған қатысты кереғар пікірлер айтылғанымен, мұның туризм саласына тиімді екенін алға тартатындар да бар. Мәселен, биылдың өзінде елімізге Қытайдан 84 мыңнан аса турист келіп кеткен. Ал бұл көрсеткіш бұдан да әрі өседі дейді сала мамандары.