Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
211 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 18 Наурыз, 2025

«Coca-Cola» дәрі болған

Бүгінде әлемдегі ең танымал сусын­дардың бірі «Coca-Cola» бастапқыда дәріханада сатылғанын білесіз бе?

Ғалам ғажаптары • 18 Наурыз, 2025

Көк түстің құпиясы

Адамзат өркениетінде түстердің таңдалуы кездейсоқ емес. Байырғы дәуірде көк түс тәңірді, шексіз аспанды білдірсе, бүгінде ол цифрлық ғаламның ең ық­палды желісі «Face-book»-тың рәмізіне айналған. Оның өз құпиясы бар.

Басылым • 14 Наурыз, 2025

Қазақ тіліндегі алғашқы жинақ

Қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы қазақ тілінде жазылған алғашқы кітап – «Жасанды интеллект әліппесі» жақында көпшілікке таныстырылды. Еңбекте ЖИ-ді түсіну, меңгеру, қолдану тәсілдері қарапайым тілмен жазылып, нақты мысалдармен көрсетілген. Іс-шара барысында «TurkAI» – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллектшілер қауымдастығының құрылғаны хабарланды. Сондай-ақ салалық «AI-hub» компаниясы мен «ai-hub.kz» сайтының жаңа бастамалары назарға ұсынылды.

Ұстаз • 14 Наурыз, 2025

Үздік ауыл мұғалімі

«Балапан ұяда не көрсе, ұш­қанда соны іледі», дейді дана халқымыз. Бұл нақыл Бал­жан­ Маратбекқызының от­басы­ның өмірімен үндес. Себебі ол ұстаздар әулетінде дүниеге келген. Әкесі де, анасы да – бар ғұмырын жас ұрпақтың тәрбиесіне арнаған жандар. Осын­дай ортада тәрбиелен­ген ол да мұғалімдік жолды таң­да­ды.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025

Ғылыми елші

«Ғылыми елші» ұғымы көпшілікке таңсық. Бұл – Еуропалық Одақтың ғылыми ынтымақтастық жобасы негізінде қалыптасқан қызмет түрі. Мажарстанда бұл жүйе алғаш 1994 жылы енгізілген. Ал 2020 жылы елдегі ғылыми экожүйені дамыту мақсатында «Ғылыми елшілер» жүйесі құрылды. Ғалымдар мен докторанттар арасында халықаралық байқау жария­ланып, оған 1200-ден аса үміткер қатысқан. Сол кезде Назира да бағын сынап, сынға түскен. Нәтижесінде, 37 елден таңдалған ғалымдардың қатарынан табылған.

Логистика • 06 Наурыз, 2025

Интеллектуалды көлік жүйесі енгізіледі

Алматы қаласында жол қозғалысын басқаруды жетілдіруге бағытталған интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) енгізілмек. Бұл жобаны Қытайдың «Inspur» компаниясы жүзеге асырады. Жаңа жүйе мегаполистегі көлік қозға­лы­сын жақ­сартып, жол қауіпсіздігін күшейтеді.

Digital • 06 Наурыз, 2025

Керек дерек

Телефон алаяқтары өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі, жақын туыс, компания өкілі, лотерея ұйымдастырушысы ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады. Олар сізден ақша аударуды, құпия деректерді айтуды немесе банк картасы мәліметтерін сұрауы мүмкін. Осындай қылмыстардың құрбаны болмау үшін негізгі сақтық шараларын білу маңызды.

Ғалам ғажаптары • 06 Наурыз, 2025

ЖИ шығарманы дыбыстайды

«Spotify» платформасы жасанды интеллект дыбыстаған аудио­кітаптарды жариялай бас­тады.

Ғалам ғажаптары • 06 Наурыз, 2025

18 жылдан кейін сөйлеген

18 жыл бұрын инсульт алып, сөй­леу қабілетінен айырылған Энн Джонсон ми импланты мен жасанды интеллектінің арқасында қайтадан сөйлей бастады.

Ғалам ғажаптары • 06 Наурыз, 2025

Апаттан аман қалған сәби

Ая – 2023 жылы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде дүниеге келген нәресте. Оны құтқарушылар үйіндінің астынан кіндігі кесілмеген күйде тауып алған.