Сурет ашық дереккөзден алынды
Суасты туннелінің ұзындығы – 27 шақырым. Ол Ругаланн провинциясының бойымен өтіп, теңіз деңгейінен 392 метр тереңдікке дейін төмендейді. Инженерлердің айтуынша, бұл жоба ірі қалалар арасындағы жолды едәуір қысқартады және елдің батыс жағалауында паромсыз қатынас жүйесін қалыптастыруға көмектеседі. Құрылыстың аяқталуы 2033 жылға жоспарланған. Жоба құны шамамен 24 млрд доллар.