Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Авиацияның алтын дәуірі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XX ғасырдың ортасы әуе сапарларының ең дәуірлеген кезеңі болды. Ол кезде ұшу жай жол жүру емес, мәртебе мен сән-салтанат белгісі еді.

Авиацияның алтын дәуірі

Сурет ашық дереккөзден алынды

Билет бағасы қымбат болғандықтан, ұшаққа тек қалтасы көтеретіндер мінетін. Ал жолаушыларға қызмет те өзгеше көрсетілетін. Мысалы, тағам фарфорға салынып, үстел ақ матаға жайылып, күміс қасықпен ұсынылатын. Мәзірде тек ең қымбат тамақ пен ең таңдаулы ішімдік болатын. Бұл дәуірдің шоқтығы биік ұшағы – «Concorde». Алайда 70-жылдардың соңында үлкен лайнерлер пайда болып, әуе сапарлары көпшілікке қолжетімді бола бастады. Баға түсті, сән-салтанат та жоғалды. «Concorde» 2003 жылы соңғы рет ұшып, алтын дәуірдің шымылдығын жапты.