Ғалам ғажаптары • 05 Ақпан, 2026
2002 жылы америкалық кәсіпкер Джексон Уиттакер лотереядан 315 миллион доллар ұтып алып, сол кезеңдегі ең ірі джекпот иегері атанады. Алайда айналдырған бірнеше жылдың ішінде оның қызы мен немересі қайтыс болады, жұбайымен ажырасады, үйі өртенеді, бар ақшасынан айырылады.
Ғалам ғажаптары • 05 Ақпан, 2026
Орта ғасырларда Англияда айыпталған адам өзін діни қызметкер екенін дәлелдеуі оның тағдырын өзгерткен.
Ғалам ғажаптары • 04 Ақпан, 2026
Әлемге танымал тиктокер, италиялық-сенегалдық контент авторы Хаби Ламе ЖИ-аватарын сатуға аса ірі коммерциялық келісім жасады.
Ғалам ғажаптары • 04 Ақпан, 2026
Астанада қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында робот-иттер патрульдік бақылауға енгізілді. Жоба аясында жаңа технологиялар ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен көлік инфрақұрылымы нысандарында қолданылып жатыр.
Ғалам ғажаптары • 04 Ақпан, 2026
Колин Макдональд – Титаник кемесіне мінуден үш рет бас тартып, аман қалған жан. Ол кеменің апатқа ұшырап жатқаны туралы аян түс көрген.
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
Илон Маскке тиесілі «Neuralink» компаниясы биыл «Blindsight» атты жаңа ми имплантын клиникалық сынақтан өткізетінін мәлімдеді.
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың шамамен үштен бірі кітапты қалай қолдануды білмейтіні анықталды. Мұғалімдердің айтуынша, кейбір оқушылар кітап бетін парақтаудың орнына оны смартфон экраны сияқты сипап, басып көріп, одан жауап күтеді.
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
«NASA» 60 жыл бұрын тоқтатылған ядролық зымыран қозғалтқыштарын сынауды қайта бастады. Бұл технология болашақта Марсқа және алыс ғарышқа ұзақмерзімді миссияларды жүзеге асыруға негіз бола алады.
Жасанды интеллект • 30 Қаңтар, 2026
Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?
Қазіргі кезде жасанды интеллект көптеген салада жүйені автоматтандыра бастады. Дегенмен алдағы жылдары ол кеңінен қолданылса, заң, медицина, қаржы сияқты жоғары білім мен тәжірибені талап ететін салаларда да елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Ал өндіріс пен логистикада автоматтандыру үдерісінің қарқыны байқалады. Қазірдің өзінде-ақ қайталанатын қол еңбегі, қойма жұмысы, жүк тасымалы роботтардың қолына өтіп үлгерген.
Құрылтай • 28 Қаңтар, 2026
Киберқауіпсіздік заң жүзінде жүйеленді
Цифрландыруға қарқынды бет алдық. Бұл дегеніміз – деректер ең құнды капиталға айналды деген сөз. Қазірдің өзінде кез келген қызметті алу үшін аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, электронды поштаңыз керек. Өзіңіз берген ақпарат түрлі компаниялардың, хакерлердің қолына оп-оңай өте береді. Әдетте бұндайға аса мән бермейміз. Алайда мемлекеттік деңгейде цифрландыруға көшкенде бұған бейжай қарамауымыз керек. Киберқауіпсіздікті қаперден шығаруға болмайтынын үнемі еске салып жүретін Мемлекет басшысы бұл мәселені Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында да айрықша атап өтті.