Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Аян

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колин Макдональд – Титаник кемесіне мінуден үш рет бас тартып, аман қалған жан. Ол кеменің апатқа ұшырап жатқаны туралы аян түс көрген.

Аян

Сурет ашық дереккөзден алынды

Бірінші рет Колинге іскер серіктесі Титаникке алған өз билетін бергісі келеді. Алайда Макдональд еш себепсіз билетті алудан бас тартады. Екінші жолы клубтағы лотереядан ұтып алады, бірақ оны өзге адамға беріп жібереді. Үшінші рет жұбайы үйлену мерейтойына сыйлық ретінде билет сатып алады. Сонда Макдональд қарсы болып, билеттерді кері өткізеді. Ол бұның нақты себебін ешкімге айтпаған. Кейін Колин қайтыс болғаннан соң немерелері оның күнделігін тауып алады. Онда 1912 жылдың 8 сәуіріндегі жазба бар екен. Онда былай деп жазылыпты: «Тағы да сол түс. Алып кеме суға кетіп барады. Мұздай суда айқайлаған адамдар. Терге малшынып оянамын».

 

Соңғы жаңалықтар

Өнер ұжымдары ынталандырылды

Аймақтар • Бүгін, 08:27