Сурет ашық дереккөзден алынды
Отандық ғалым наноғылым саласындағы маңызды жаңалықтары үшін ЮНЕСКО марапатын алды. Бұл бағыт графен, фуллерен және көміртекті нанотүтікше сияқты жаңа материалдарды дамытуға жол ашады. Сондай-ақ ғалымның жетекшілігімен ондаған диссертация қорғалды. Ол – мыңнан аса ғылыми еңбек пен көптеген патенттің авторы. Оның зерттеулері экология, энергетика және медицинада қолданылып келеді.