Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
595 материал табылды

Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023

Сергіткіш сусынның сергелдеңі

Қазір жұрттың көбі, әсіресе жастар жағы «шаршағаныңды басатын, көңіліңді ашатын» энергетикалық сусынды көп ішеді. Сергек жүру үшін сергіткіш сусынды пайдалану қалыпты жағдайға айналды.

Құқық • 27 Қыркүйек, 2023

Жол-көлік апаты неге көбейді?

Елімізде соңғы 8 айда жол-көлік апатынан 1 500 адам мерт болған. Қара жол үстінде тіркелген апат саны өткен жылға қарағанда әлдеқайда аз. Бірақ қайтыс болғандар арасында кәмелетке толмаған 189 жасөспірім бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға көп. Жолдағы қауіп-қатерді қалай азайтуға болады?

Жастар • 25 Қыркүйек, 2023

UNICEF Talks: Айтары барға – ақ жол!

Астанада БҰҰ Балалар қоры­ның ұйымдастыруымен UNICEF Talks жастар конференциясы өтті. «Рublic talk» форматындағы іс-шараның басты көздегені – жастардың үнін қоғамға естірту. Жиында он алты жас спикер сөз сөйлеп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Бұған қоса жастар креатив идеялары мен ұсы­ныстарын ортаға салды.

Форум • 22 Қыркүйек, 2023

Медиа құндылық: эволюция және этика

Елордада Astana Media Week-тің екінші күні өтті. Медиа саланы жетілдіруге бағытталған іс-шараға жиналғандар «Цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктері: жылдамдық, ақпарат көлемі, бәсекелестік», «Ең рейтингтік өңірлік жобалардың ULGI-кейстері», «Медиа құндылықтар эволюциясы және жаңа этика», «Стратегиялық коммуникация: ақпараттық саясат қайда бара жатыр?» сынды тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Маңызды мәселелер бойынша креа­тивті ұсыныстар да айтылды.

Әскер • 21 Қыркүйек, 2023

Танкистің «Ерлік сабағы»

Отставкадағы генерал-майор Геннадий Носоновскийдің Әскери-тарихи музейде елордалық оқушылармен өткен кездесуі Танкист күніне орайластырылды.

Есірткі • 21 Қыркүйек, 2023

Есеңгіреткен есірткі

Бүгінде әлемде есірткіге тәуелділер саны 23 пайызға өскен. Біріккен Ұлттар Ұйымының зерделеуінше, кейінгі он жылда тыйым салынған заттарды кем дегенде 300 миллион адам пайдаланады. Бірақ есірткіқұмарлықтан жаһан жұртшылығының әр бесінші азаматы ғана емделеді екен. Елімізде де көрсеткіш көңіл көншітпейді. Тек есепте тұрғандардың өзі 18 мыңнан асып жығылады. Өкінішке қарай, дені – жастар.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023

Этносаясат тәжірибесі

Астанада «Этносаралық қатынас­тар саласындағы мемлекеттік сая­сат­тың жай-күйі мен перспек­тивалары» атты респуб­ликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйым­дастырумен өткен іс-шараның басты мақсаты – ғылыми-сарапта­малық ортаны ұлт бірлігін одан әрі нығайту бағытындағы ұсыныстар әзірлеуге, трендтерді талқылауға тарту.

Технология • 20 Қыркүйек, 2023

Өзекті киберқауіпсіздік

Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша «KazHackStan Turan» конференциясы өз мәресіне жетті. Ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер көтерілген алаңда 4 мыңға жуық сарапшы қатысты. Үш күнге созылған ауқымды іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырды.

Саясат • 18 Қыркүйек, 2023

Қоғам және отбасы: қауіпсіздік кілті

Таяуда Будапештте отбасы қауіпсіздігіне арналған демогра­фиялық саммит өтті. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жаһандық іс-шарада отбасылық-демографиялық саясаттың Қазақстан моделі ұсынылды.

Жастар • 17 Қыркүйек, 2023

Тазалық пен ізгілік акциясы

Еліміздің барлық өңірінде «Kieli tabigat» экологиялық акциясы ұйым­дастырылды. Сенбілік республиканың сакралды нысандары мен ұлттық табиғи парктерінің аумағын қоқыстан тазалауға бағытталған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұл бастамасын астаналық белсенділер де қолдады.