Қоғам • 08 Сәуір, 2024

Күшіміз – бірлікте

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы волонтерлері тасқын судан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жолдады. Этно-мәдени орталықтары атынан Қарағанды мен Ақмола облысына жол тартқан үш көлікке 10 мың тонна жүк тиелген. Ішінде азық-түлік пен киім, жеке тазалық бұйымдары мен төсек-жамылғылары бар.

Күшіміз – бірлікте

Фото: assembly.kz

Достық үйінің ғимаратында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтті. Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенатының депутаттары, этно­мәдени бірлестіктердің төраға­лары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде өңірлік штабтарының жұмысын үйлес­тіру мәселелері қаралды.

– Қайырымдылық іс-шарасы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен –жүрекке» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылды. Дәл осындай жүк көліктері басқа өңірлерде де жасақталып жатыр.  Өңірлердегі штаб, қажет жерлерді анықтап, бір ізбен жіберетін болады. Ал біз бұл жұмыстарды сол елді мекен­дерді қалпына келтіргенге дейін жүргіземіз. Қарғын суға қарсы барлық іс-шараларда және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша мүмкіндігінше балабақшалар мен үйлерді реттеуге көмектесеміз, – деді Марат Әзілханов.

Елде төтенше жағдай жария­лағалы бері ҚХА тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға 30 млн теңге қаржы жинады. Ұйымдастырушылар жақсылық жасауға асыққан жандарды өңірлердегі 34 Достық үйінде қабылдайтынын айтты.