Тұлға • 09 Сәуір, 2024

Өшпес із, өлмес рух

78 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Сағадат Нұр­ма­­ғам­­­­бетов­­­тің туғанына – 100 жыл. Осыған орай елор­­д­а­ның 12 уни­вер­си­тетінде бір сағатта ұлт баты­­ры­ның өмір жолы туралы дәріс ұйым­дастырылды. Ауқым­ды іс-ша­­раға 2,5 мың­нан­ астам студент қатысты.

Өшпес із, өлмес рух

Ел Президенті Қасым-Жо­март­ Тоқаев «Egemen Qazaqstan» га­зе­тіне бер­ген сұхбатында және Аты­рау қала­сын­да өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал та­быс» атты үшінші отырысында хал­қы­мыз­дың көр­некті тұлғаларының тыныс-тір­шілігін зерделеу және есте сақтау жалпыұлттық біре­гей­лікті нығайтуға ықпал ете­тінін атап өтті. Осы мақсатта ұйым­дастырылған іс-шара «Саға­дат» әнімен басталды. Содан соң Ұлттық қор­ға­ныс универ­си­теті­нің оқы­тушылары, Төтенше жағ­­дай­лар министрлігі, Ұлт­­тық ұланның жоғары оқу ор­­нын­да білім алушы әскери қыз­мет­­шілері дәріс оқыды.

– Соғыс батырларының ме­­­рей­­­тойларына байланысты Мем­лекет басшысының айт­қан іс-шараларын жүзеге асы­ру үшін университеттің про­­фессорлық-оқытушылар құ­ра­­­мы мен магистранттары «С.Қ.Нұр­ма­ғам­бе­товтің өмір жолы – жауынгерлік дәс­түр сабақтастығының та­ри­хы» деген та­қы­рыпта дә­ріс дайындады. Осындай дә­рісті биыл қазан айын­да Халық қаһарманы Ра­хым­жан Қошқарбаевтың жүз жыл­дығына орай өткі­зу­ді де жос­­пар­лап отырмыз, – деді Ұлт­тық қор­ға­ныс уни­вер­ситетінің басшысы, генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Ұйымдастырушы­лардың­ сө­­зінше, бұл іс-шара жас­­­тар­дың бойындағы пат­риот­тық рух­ты оятып, өмірлік бағ­да­рын айқындауға сеп болады. Сон­дық­тан дәріс бір уақытта Л.Н.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлт­тық уни­­верситеті, Қазақ ұлт­­тық өнер университеті, Қа­зақ ұлт­тық хореогра­фия академиясы, С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­техникалық зерттеу университеті, «Астана» ме­дицина университеті, Esil University, «Тұран-Астана» уни­вер­ситеті, Еуразия гумани­тар­лық институты, Astana IT University, «Астана» халық­ара­лық­ университеті, Қазақ тех­но­логия және биз­нес уни­верситеті, Дене шы­нық­­ты­ру және бұқа­ра­лық спорт академиясы және С.Нұр­­ма­­ғам­бетов атындағы әскери кол­леджінде өтті.

– Сағадат Нұрмағам­бе­­тов­тің тағ­ды­ры жарқын ес­те­ліктерге толы. Оның өмір жолында бүкіл әлем­ді дүр сіл­кін­дірген, мил­лиондаған адамның өмірін жалмаған, талай тағдырды өз­герт­­кен сұрапыл кезең бей­не­лен­ген. Мені батырдың үшжыл­­­дық әскери білім­ді 3 айда алып шыққаны қатты таң­­­ғал­дыр­ды. Жастардың аза­мат­тық ұста­нымының қалып­та­суы­­на үлес қоса­тын осын­дай дәрі­­с­­тердің көбі­рек өткі­зілгені игі, – дейді студент Қайнар Нұрил­­­ла­ұлы.