Экология • 31 Қазан, 2025
Суды тиімді пайдалану – стратегиялық міндет
Бүгінде су ресурстарын басқару экологиялық мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторы болып отыр. Сондықтан суды есеппен пайдалану, үнемдеу технологияларын енгізу, трансшекаралық су саясатын жетілдіру – күн тәртібіндегі өзекті міндет.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Демографиялық үдерістерді талдау орталығының маңызы
Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында демографиялық үдерістерді талдап, болжайтын орталық құруды тапсырған еді. Бүгінде мұндай орталық жеделғабыл ашылып, мамандар жұмысқа кірісіп те кетті.
Өндіріс • 22 Қазан, 2025
Локомотив құрастыру өндірісінің қарқыны жоғары
2009 жылы құрылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ бүгінге дейін 675 локомотив құрастырыпты. Басты тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы. Сонымен қатар 42 локомотив Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Молдова, Украинаға экспортталған.
Құтқарушы • 18 Қазан, 2025
Биыл Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл толып отыр. Кез келген шақыртуға жедел жетіп, жылдам әрекет ететін жасақтың қызметі осы кезеңде мықтап қалыптасты, ширады, жетілді. Төтенше жағдайға сақадай сайланып, адам өмірін сақтап қалу жолында от пен суға түсуден тайынбайтын құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің тіршілігінде қауіп-қатер табан астында.
Фармацевтика • 14 Қазан, 2025
Дәрі-дәрмек: Отандық өнімнің үлесі қандай?
Дәрі-дәрмек өндірісі экономиканың бір бағыты ғана емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін коронавирус пандемиясы кезінде тіпті терең түсінгендей болдық. Ел медицинасының жай-күйі сыналғанда әдетте дәріхана сөресінен түспейтін қарапайым препараттарға тапшылық байқалып, әбігерге түстік. Сол тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап айтты.
ЖОЛДАУ • 09 Қазан, 2025
Медициналық көмек сапалы әрі қолжетімді болуға тиіс
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі қабылданғалы саланың жұмысына қатысты сұрақтар қоғамда ашық талқыланып келеді. Соның нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын нығайтатын, қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ететін шешімдер қабылданды.
Инвестиция • 07 Қазан, 2025
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көбейеді
Ұлттық экономика министрлігі жанындағы cараптамалық кеңестің отырысында ел экономикасы өсімінің жаңа проактивті саясаты қаралды. Мұнда Үкіметтің басты мақсаты – 2029 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімді екі есе арттырып, 450 млрд долларға дейін жеткізу.
«Таза Қазақстан» • 01 Қазан, 2025
Таза қоғам – ұлттық идеология өзегі
Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық іс-шара өтті. Оған ұзын-саны 4,2 миллионнан астам адам қатысса, волонтер үлесі – 357 мың адам. Еліміздің барлық аймағындағы деректерді есепке алсақ, 570 мың тонна қалдық жиналып, 870 мың гектар аумақ қоқыстан тазартылған.
ЖОЛДАУ • 25 Қыркүйек, 2025
Зейнетақы жүйесін нығайтатын ұстаным
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде зейнетақы жүйесін жетілдіру – уақыт талабы. Жинақтың тұрақтылығы мен болашақтағы әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында аталған жүйені қайта қарау керектігін атап өтті.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
Астана аулалары абаттандырылды
2023 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 20 қыркүйекті «Дүниежүзілік тазалық күні» деп жариялау туралы қаулы қабылдады. Елімізде былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Өткен сенбіде, «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында бүкіл ел көлемінде тазалық, абаттандыру сенбіліктері кеңінен ұйымдастырылды. Тұрғындар қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазартып, көше, аулаларды абаттандырды.