Қоғам • Бүгін, 08:17
Көпбалалы отбасылар жәрдемақыны қалай алады?
Гүлмира ЖӘКЕНҚЫЗЫ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ана мен баланы қорғау басқармасының басшысы:
Еңбек • Бүгін, 08:12
Орта білікті маманға сұраныс көп
Enbek.kz платформасындағы нақты ақпаратқа сүйенсек, кейінгі айларда орта білікті мамандарға сұраныс көбейген. Электронды еңбек биржасындағы барлық бос орынның шамамен 46%-ы осы санаттағы мамандарға тиесілі. Жоғары білікті мамандарға сұраныс соңғы айда 27% шамасында болса, біліктілігі төмен кадрлар бос орындардың 27%-ын ғана құрапты.
Жұмыс • 11 Маусым, 2026
150 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Мемлекет халықты жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытып, азаматтардың еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне көмектесетін кешенді іс-шараларды үзбей жалғастырып келеді. Ресми деректерге үңілсек, жыл басынан бері 101,3 мың адам жұмыспен қамту іс-шараларына тартылса, жалпы 140,8 мың адам жұмысқа орналасқан.
Қоғам • 10 Маусым, 2026
Кедергісіз орта: Нәтиже мен нақты қадам
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау, оларға қолжетімді орта қалыптастыру – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі азаматтар құқықтық, әлеуметтік қолдаудан құр қалмаса, қоғамдық орындарға қысылмай, емін-еркін, біреудің демеуінсіз кіріп-шықса онда бұл мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның жеңісі деп айтуға болады.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы
Жыл сайын сәуір айында Дүниежүзілік нейрохирургтер күні аталып өтеді. Кәсіби мереке нейрохирургияның негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Харви Уильямс Кушингтің құрметіне белгіленген. Ол – мидағы ісіктерді хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін дамытып, нейрохирургияны дербес сала ретінде қалыптастыруға үлес қосқан тұлға. Содан бері ғасырға жуық уақыт өтіп, нейрохирургия дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Бағдарламалар • 07 Сәуір, 2026
Жастарды жігерлендірген бағдарлама
Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларға қоныс аударған жастардың бірден жоғары жалақы ұсынатын жұмыс тауып, орнығып кетуі екіталай. Тұрақты жұмысы болса да, тапқаны жалдаған пәтерінен артылмайтын жастарға, жас отбасыларға мемлекет қажетінше қолдау көрсетіп келеді. Соның бірі – 2019 жылы іске қосылған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы. Талай жастың арманына қанат байлаған бағдарлама осы аралықта міндетін толық орындады деп айтуға болады.
«Таза Қазақстан» • 03 Сәуір, 2026
«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»
Астананың ажары мен тұрғындар өмірінің сапасы қала тазалығымен тікелей байланысты. Қарқынды дамып келе жатқан мегаполисте санитарлық жағдайды сақтау – жүйелі әрі үздіксіз еңбекті талап етеді. Осы маңызды саладағы жұмыстың барысы, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры Замир Сағыновпен әңгімелестік.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында экологиялық сағат ұйымдастырды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен басқосуда студенттер табиғатты қорғауға, суды сақтауға қатысты ұсыныстарға ерекше ықылас танытты.
Өндіріс • 02 Сәуір, 2026
Қалдықты қайта өңдейтін кәсіпорын
Ресми деректерге үңілсек, жыл сайын еліміздің әр аймағынан 5 млн тоннадан астам қоқыс шығарылса, соның шамамен 1 миллионы сұрыпталады екен. Сұрыптаудан өтпеген басқа қоқыс түгел арнайы полигонға көміледі. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеп, кәдеге жарату туралы тапсырманы әкімдіктер қолдағанымен, шаруаны үйлестіру, салаға инвестиция тарту оңай шаруа емес. Жуырда қауіпті-қауіпсіз қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеумен айналысатын «НТП Kazecotech» ЖШС жұмысымен арнайы танысып қайттық.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады?
Шыңғыс ЖӘНІБЕКҰЛЫ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы: