Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
65 материал табылды

Инвестиция • 29 Қараша, 2023

Инвестиция – өңір дамуының өзегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау­ла­рын­да арнайы экономикалық аймақ­тарға инвестициялық жеңіл­дік­терді саралап беру, аумақтық даму жолында әр өңірдің бәсекелі артық­шылығын ескеру қажеттілігі, өңір­лерді дамыту ісіне қатысты тың тәсілдер еліміздің дамуы үшін өте маңызды екені айтылған еді. Сондай-ақ Президент инвес­ти­ция тарту жұмысын жүйелі жүр­гізу керектігін, әрбір аймақ өзі­нің әлеуетін ескеріп, инвес­ти­ция бағыттау жұмыстарын жедел­де­ту­ді тапсырды.

Форум • 21 Қараша, 2023

БАҚ-тың болашағы қандай? Түркістанда медиакраттар форумы өтті

Түркістанда «Масс-медиа туралы» Заң және журналистиканың бүгіні мен ертеңі талқыланған медиакраттар форумы өтті. «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жиынға Парламент депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, танымал медиатұлғалар, бірқатар өңірдегі медиахолдинг басшылары мен еліміздегі жетекші БАҚ өкілдері қатысты.

Жәдігер • 20 Қараша, 2023

Марал ишанның Құран кітабы кесенеге қойылды

Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киелі Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында құнды мұраның барша халқымыз үшін қастерлі орында тұрғаны абзал екенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойған жөн деп санайтынын айтқан болатын.

Аймақтар • 17 Қараша, 2023

Егістікті әртараптандыру – уақыт талабы: Өңірде авокадо, манго, лимон, банан өсіріледі

Ерте көктемнен бастап қара күзге дейін бел жазбай еңбек ететін диқан қауы­­мы үшін төккен тердің босқа кет­пеуі, яғни өнімін ысырапсыз жинап алу маңызды. Бұл орайда Түркістан облысы­ның шаруалары бүгінде шығыны мен кірісін есепшотқа салып, ертеңгі күннің қамын жасауда. Қара күз бен қыстың алғашқы айын бел жазар сәт десе болар. Алайда бір алқаптан 2-3-рет өнім алатын, қаңтарда жаңасының дәнін салатын диқандар жұмысын жалғастырып жатыр.

Отбасы • 16 Қараша, 2023

Ел тарихына енген Әлімхан

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 баланың бірі Түркістан облысының Жетісай ауданында дүниеге келді.

Аймақтар • 15 Қараша, 2023

155 жыл: Кешегі лазарет – бүгінгі заманауи клиника

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерейтойына орай «Ғасырлық дәстүрлер мен жаңа технология­лар – пациенттердің денсаулығы мен сеніміне апаратын жол» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Германия, Ресей және Қазақстанның жетекші ғылыми-медициналық орталықтарынан жалпы 350-ден аса дәрігер қатысты.

Өнер • 13 Қараша, 2023

Түркістанда театрлар түйісті

Түркістанда Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, профессор, осы тарихи қалада сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі Райымбек Сейтметовтің 85 жылдығына орай «Raiymbek fest» І Республикалық театр фестивалі өтті. Төрт күнге созылған тартысты өнер додасында еліміздің әр өңірінен келген 11 театр ұжымы бақ сынады.

Таным • 13 Қараша, 2023

Көп оқығанға – бағалы сыйлық

Түркістан өңірінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын насихаттау мақсатында бірқатар игі іс қолға алынған. Мысалы, Келес ауда­ны Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» басталды.

Шахмат • 13 Қараша, 2023

«Шахмат керуенінің» жүлдегерлері

Еліміздің түкпір-түкпірін аралаған «Шахмат керуені» жобасы Түркістанда түйінделді. «Rixos Grand Ballroom» залында өткен «Шахмат керуені» республикалық жобасының гранд-финалында 20 қалада өткен блиц-турнирден іріктеліп шыққан 60 әуесқой шахматшы сынға түсті.

Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Кесене комиссия назарында

Киелі Түркістанның жалпы аумағы кейінгі үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұл­ғайып, ха­лық саны 220 мың­нан асты. Осыған бай­ла­ныс­ты тұрғын үй құ­ры­­лысының қарқынын бәсеңдетпеу – басты назарда. Бұл орайда биыл 5966 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.