Өнер • 13 Қараша, 2023

Түркістанда театрлар түйісті

146 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түркістанда Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, профессор, осы тарихи қалада сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі Райымбек Сейтметовтің 85 жылдығына орай «Raiymbek fest» І Республикалық театр фестивалі өтті. Төрт күнге созылған тартысты өнер додасында еліміздің әр өңірінен келген 11 театр ұжымы бақ сынады.

Түркістанда театрлар түйісті

Алғаш рет ұйымдастырыл­ған фестивальға арнайы келген қонақтар қатарында және қазылар алқасының құра­мын­да Райымбек Сейтметовтің өмір­дегі, өнердегі досы, театр­ және кино актері, КСРО Ха­лық әртісі, Қазақстанның Ең­бек Ері Асанәлі Әшімов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясы, «Театр өнерінің тари­хы мен теориясы» кафедра­сы­ның профессоры, өнертану докторы Бақыт Нұрпейіс, перзенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азат Сейт­метов, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Бахыт Сраилов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» фа­куль­тетінің деканы, профессор Меруерт Жақсылықова, Қа­зақстанның еңбек сіңір­ген қай­раткері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытов, Ра­йымбек Сейтметовтің жары Ни­­нель Малдыбекқызы, Қадыр Мыр­залиевтің жары Сағатай Мыр­залиева бар. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауы­мен, об­лыстық мәдениет жә­не ту­ризм басқармасының ұйым­­дас­тыруымен өткен фес­ти­вальдың ашылу салтана­тында құрметті қонақтар мен қа­тысу­шы театр­лар қызыл кілем­нен жү­ріп өтті. Содан соң тау тұлға туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсы­нылды. Облыс әкі­­мінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қиын-қыстау кезеңде киелі Түр­­кістанда театр негізін қа­лаған Райымбек Сейтметовтің ерен еңбегін ескере отырып, өнер мерекесін ту­ған жерінде ұйымдастыру заң­дылық еке­нін атап өтті. «Бү­гінде өңірде көптеген мә­де­ниет ошағы салынып, халыққа рухани қызмет көрсе­тіп келеді. Оның ішіндегі кә­сіби 3 театрымыздың еңбе­­гін мақтанышпен айта аламыз. Театр ұжымдары республика­лық, халықаралық байқауларда үздіктер қатарынан көрінуде. Сіздерге осы рухани демалыс сәті үшін, облыс басшылығы мен қала тұрғындары атынан алдын ала шынайы риза­шы­лығымды білдіремін», де­ді облыс әкімінің орынбасары. Фестиваль шымылдығы Шах­мет Құсайынов атындағы Ақ­мола облыстық қазақ музы­калық драма театрының «Отел­ло» трагедиялық шығар­ма­сымен түрілді. Қазақ кәсіби театрларының өнерін насихаттау, театр өнерінің қазіргі келбетін таныту, өзара тәжіри­бе алмасу, шеберлік-сағаттарын өткізу және шығармашылық тығыз қарым-қатынаста болуы­на ықпал ету, дарынды театр әртістері мен режисерлерді анық­­тау, сонымен қатар оларды ын­таландыру, театрлар­дың таны­малдылығын арттыру мақ­са­тындағы фестивальға өнер саласына еңбегі сіңген театр­ сыншылары мен кәсіби мамандар төрелік етті.

прпр

Фестиваль барысында Мә­дениет және ақпарат ми­нистр­лігінің өкілі Мөлдір Оң­дасы­но­ва министрдің құт­тықтауха­тын оқып, табыс ет­ті. Сондай-ақ Түр­­кістан об­лысы мәдениет жә­не туризм басқармасының басшысы Әзім­хан Қойлыбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ рек­торы Жанар Темірбекова бір­туар азамат және соның атын­да өткізілген фестиваль туралы пікір білдірді. Со­ны­мен өнер сайысының қоры­тын­дысы бойынша қазылар ал­қа­сының шешімімен «Көрер­мен көзайымы» аталымы­мен Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры,­ «Қазылар алқасының ар­на­йы жүлдесі» аталымы­мен Алматы қаласы­ның «Жаңа ғасыр» театры, «Екін­­ші пландағы үздік ер адам рөлі» аталымымен Жұмат Ша­нин атындағы Шымкент қала­лық академиялық қазақ драма театрының әртісі, «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» аталымымен Асқар Тоқпа­нов атын­дағы Жамбыл облыс­тық қа­зақ драма театрының әртісі, «Үз­дік әйел рөлі» аталымымен Нар­тай Бекежа­нов атындағы Қызылорда облыс­тық қазақ ака­демиялық музыка­лық драма театрының әртісі, «Үз­дік ер адам рөлі» аталымы­мен Шахмет Құсайынов атын­дағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртісі, «Зама­науи тақырыпты игергені үшін» ­аталымымен Абай облысы­ның Семей «Дариға-ай» жас­тар ­театры, «Үз­дік көркемдік ше­шім» аталымымен Құрманбек Жан­дарбеков атындағы Жеті­сай драма театры, «Үздік ак­терлік ансамбль» аталымы­мен Бикен Римова атындағы Тал­дықорған драма театры, «Үз­дік режиссерлік шешім» аталымымен Жамбыл об­лыстық орыс драма театры,­ «Райымбек Сейтметов атын­дағы арнайы сый­лық» аталымымен Райым­бек Сейт­метов атындағы Түр­кіс­тан қалас­ының сазды-драма театры ма­рапатталды.

Райымбек Сейтметовтің дауысымен жазылған «Түркіс­тан» өлеңінің бейнетуынды­сымен басталған жабылу салтанатында жеңімпаздар құр­ме­ті­не концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шара соңында Қа­дыр Мырзалиевтің «Актер» өле­ңін Айдар Наурызбаев оқып бер­се, дәл осы туындының әнін Райым­бек Сейтметов театры­ның әртіс­тері шырқады.

 

ТҮРКІСТАН