Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Еңбек • 15 Қараша, 2024

Темірден түйін түйген

Бұл маманды арнайы іздеп келетіндер көп. Оның бір себебі, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап, тапсырысты сапалы атқаратындығында болса керек. Екіншіден, мұндай маман тапшы. Қызметін жоғары бағалағандардың жарнамасы арқылы қалаға да, өңірдегі аудандарға да танылып үлгерген ол тапсырыссыз қалған емес.

Аймақтар • 13 Қараша, 2024

Ордабасы – бірлік бастауы

Алаш үшін, қазақ үшін «бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан» (Қазтуған) киелі төр, «қазақ рухының қағбасы» (Әбіш Кекілбайұлы) Ордабасыда ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

Руханият • 07 Қараша, 2024

«Нұран баб кесенесі ашылды»

Түркістан облысы Түлкібас ауданының Абай ауылында халықаралық ғылыми кон­ференция өтті. Иә, халықаралық деңгейдегі басқосулардың ірі мегаполис­те немесе облыс орталықтарында ұйымдастырылатыны мәлім, бұл кон­ференцияның бір ерекшелігі де талқыланған тақырыпқа арқау болған тарихи нысан – «Мұхаммед Нұран баб» кесенесінің ашылуына орайластырыла өткізілуінде еді. Кесене – бабтар дәуірінен жеткен жалғыз жазба ескерткіш.

Өндіріс • 05 Қараша, 2024

Жеңіл өнеркәсіптің өрісі кеңейеді

Облыс орталығында орналасқан «Turkistan» индустриялық аймағында жеңіл өнеркәсіп бағытында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар аз емес. Солардың бірі – ашылғанына жылға жуықтаған «Қазақстан 2023 Қытай» ЖШС. Былтыр облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен аудандардың, тиісті басқармалардың басшылары және өңірдегі кәсіпкерлердің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында 10 компаниямен 2 трлн 648 млрд теңгені құрайтын меморандумға қол қойылған болатын. «Қазақстан 2023 Қытай» кәсіпорны да екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының нәтижесінде ашылып отыр.

Тағзым • 31 Қазан, 2024

Жазушыны ұлықтады

Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан мектеп-гимназияға жазушы, драматург, қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұловтың есімі берілді.

Денсаулық • 29 Қазан, 2024

Алматылық дәрігерлер кеңесі

Мақтаарал ауданына Алматыдан арнайы келген Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерт­теу институтының білікті мамандары жергілікті дәрі­гер­лердің қатысуымен тұр­ғындарға жоғар­ы дең­гей­дегі мамандан­ды­рыл­ған көмек көрсетті.

Байқау • 29 Қазан, 2024

Түркістанда «Тұран дауысы» жаңғырды

Түркістандағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне орай халықаралық «Voice of Turan – 2024» қазақ әндері фестивалі өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен биыл бесінші рет ұйымдастырылған ән байқауына Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Армения, Кипр, Түркия, Болгария, Косово, Индонезия, Испания, Куба, Венесуэла елдерінен халықаралық ән байқауларында жетіс­тікке жеткен 18–35 жас аралығындағы эстрада жанрындағы орындаушылар, үлкен концерт­тік қойылымдарда тәжірибесі бар 16 үміткер қатысты.

Аймақтар • 25 Қазан, 2024

Халыққа арналған әлеуметтік игіліктер

Түркістан қаласында 600 орындық мектеп пайда­лануға берілді. Бұған дейін Баянауыл елді мекенінде мектеп болмағандықтан, осы аумақтағы оқушылар №17, №21, №27 мектептерге қатынап оқитын. Енді ол мәселе шешімін тапты.

Мектеп • 22 Қазан, 2024

Түркістандағы алғашқы «Жайлы мектеп»

Облыс орталығында 2 000 орынға есептелген алғашқы жайлы мектеп пайда­­­лану­­ға берілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынып жатыр.

Кәсіпкер • 19 Қазан, 2024

Кәсіпкер әйелдердің жетістігі

«Әрекетке – берекет» дегендей, бүгінде кішігірім кәсіп ашып, нәпақа тапқысы келетіндерге мемлекеттік бағдарламалардың септігі тиіп отыр. Әсіресе мемлекеттік қайтарымсыз грант өңірдегі шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашып, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етті. Кәсіп ашқандардың арасында жастар да, көпбалалы аналар да аз емес.