
Бұл жұмыстар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитеті тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Яғни Қазығұрт ауданы, Өгем және Түлкібас ауданы, Иірсу шалғай елді мекендерінің тұрғындарына да интернет желісі жетті.
Аталған елді мекендер қолжетімділігі қиын ауылдар қатарында болатын. Ғарыш байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, аз қоныстанған ауылдық пункттерге дейін спутниктік арналарды ұйымдастыру мақсатында «Jusan Mobile» АҚ тарапынан жергілікті тұрғындарға қоғамдық Wi-Fi интернетін тарататын OneWeb спутниктік жүйесінің станциясы орнатылды.