Аймақтар • Бүгін, 14:54

Түркістанда жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығы Түркістан қаласында жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілген. Оның 440-ы жалдамалы баспана болса, 432-сі кезекте тұрған отбасыларға табысталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілді

Бүгінде қала бойынша 23 370 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Түркістан қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін қалған 512 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады.

Сондай-ақ биыл қалада «Отбасы банк» арқылы несиелік жүйемен 2 078 тұрғын үй беріледі. Түркістанда орналасқан тұрғын үйлерге өтініштер облыс бойынша үй кезегінде тұрған банк салымшыларынан қабылданады. Ал, шаршы метр бағасы 180 000 мен 220 000 теңге аралығында болмақ.